Бала агрессиясы туралы туындаған 5 миф

 

Бала агрессиясы – бұл ата-аналардың пікірінше ең қиын мәселелердің бірі. Себебі, бала агрессия танытқанда ата-анада ұялу, өз-өзінің аналық міндетін дұрыс атқара алмадым деген ой туындайды.  Алдарыңызға бала агрессиясы жайлы 5 миф пікірді алдарыңызға ұсынамын:
1. Бірінші миф-бала агрессия танытқан болса, оны «ой анаған тартқан, мынаған ұқсаған,»- деп генге кінә артып қоямыз. Немесе бала сондай қырсық боп кетті, маған әдейі жасайды деген пікірде боламыз. Расында, бұл процесті бала дамуының қалыпты жағдайы деп түсіну керек.Бала әлі саналылық деңгейіне жеткен жоқ,сондықтан өз эмоциясын басқару тетігі әлі дамымаған.
2. Агрессия – бұл балада болып жатқан кризис уақытынан деп түсінеді. Әрине, баланың кризис кезеңінде агрессия деңгейі өршіп кетуі мүмкін, бірақ басқа кездерде де бала агрессия жасауы мүмкін. Оның себебі-шығарылмаған ішкі сезімдер мен баланың қанағаттанбаған қажеттіліктерінен болады.

3. Баланың сезімін басқаруға үйрету керек дейді. Бұл баланың даму сатысының соңғы кезегі болу керек. Оған дейін балаға өзінің эмоциясын түсінуге, оны атап, оны басынан өткізіп, бір эмоцияны екіншісінен ажыратуға үйрету керек.

4. Агрессия танытатын ойындарды, мысалы ұру, тебу, айқайлау секілді іс-әрекеттерді ата-аналар балаларға келеңсіз деп есептейді және оған рұқсат етпейді. «Айғайлама, ойыншығыңды ұрма,»- деген секілді сөздерді жиі айтады. Керісінше, баланың ішкі энергиясын шығаратын бұл ойындар балаларға пайдалы.

5. Бала агрессия танытса, ол дұрыс емес деген пікірде болады. Расында, баланың да ашулануға, айқайлауға, ұрысуға құқығы бар.

Яндекс.Метрика