Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі -балаларымызбен қарым -қатынасымыз екені даусыз. Жұмысты, уақытты, ақшаны т.б сылтауратып баламызға жеткілікті көңіл бөлмейтініміз рас.
✔Баланың кез -келген болашақ жетістігі үшін де,
✔өзіне сенімділігі үшін де,
✔ мектептегі үлгерімінің жақсаруы үшін де, .
✔өзіне тән ішкі потенциалының ашылуы үшін де,
✔ кейбір сізге белгісіз ішкі психологиялық түйткілдерінің шешілуі үшін де сізге жан дүниесін ашып қалатын, сіз оның жанына құлақ түре алатын екеуара риясыз әңгімелесер бір сәтті ұстап қалу өте маңызды-ақ.
Ол үшін баламен бірге жиірек уақыт өткізіп тұру керек. Ол әдеттегідей арнайы ойын- сауық орталығына апару емес немесе алдын ала өзіңіз сценариын сызып қойған, әдемі киініп, әдемі бір жерге апарып суретке, видеоға түсіру, оны желіге жариялау да емес, ол екеуіңіздің де жан жүректеріңіз тыныш тапқан, бір -бірлеріңізге қалтқысыз сенген өте шынайы жасандылықсыз бір сәтте болады. Ондай сәттер сіз балаңызды шын болмысын толық қабылдап мейіріммен қараған көз-
қарасыңыздан кейін, ешкімге алаңдамай екеуара келе жатқан кешкі серуен кезінде, ыдыс жуып жатқанда, жеміс теріп жүргенде, әйтеуір адам жаны тыныштық тапқан бір жасандылықсыз бір мезетте орын алуы мүмкін. Сондықтан балаңызбен, мейлі ол қанша жаста болсын, шын сырласатын уақыт табуға тырысыңыз. Егер сіз шынайы болсаңыз, ол да сізге шынайы болады. Сіздің жаныңызда әлсіз болуға ұялмайды. Бұндай сәттер екеуіңізге де өте үлкен пайдасын тигізетініне сенімдіміз .
… Жалпы балаңызбен осы сияқты шынайы кездер жиі бола ма?