Баланы қалай қызықтыруға болады?

Қазіргі кезде көп ата-ана «Баланы қалай қызықтыруға болады?» деп ойланады.
Көп жағдайда үйде балаға қайта-қайта айтып отырғанның өзінде, бала сол тапсырманы орындамауы мүмкін.

Ал қашанғы балаға дауыс көтеріп отыруға болады. Осы орайда балаға дауыс көтермей қызығушылығын оятуға болатын мысалдарды сіздермен бөлісуді жөн көрдік.

Қазір баланы бір нәрсеге қызықтыру қиынның қиыны. Мейлі сабақ орындау болсын, мейлі үй шаруасы болсын. (Барлығы емес енді). Балаға дауыс көтермей қалай қызықтыруға болатын жағдайларды көрсетейін.

1. Баланың қызығушылығын ояту. Мысалы, балаңыз тапсырманы жақсы түсінсе де өз бетінше үй тапсырмасын орындамай, үнемі басқа нәрселерге алаңдап отырып алды. Сабақ дайындау уақты көпке созылғанымен, нәтиже қуантарлық емес. Не істеуге болады? Тапсырманы орындауға 15 минутқа таймер қоямыз және жай ғана қасында отырамыз. Таймерге қарап бала өзі ақ уақыттың аз қалғанын біліп отырады және қалайда 15 минут ішінде осы тапсырманы орындаймын деген талпыныс болады.

2. Балалардың барлығы ойыншықтарды шашып, әбден ойнады. Ал енді жинағылары келмейді. Кім жинайды? Әрине өздері. Оны қалай жинайды? Ойыншық салатын коробканы ортаға қоямыз да, «қане кім тез әрі көп ойыншық жинайды екен» десеңіз болды, барлығы жан жақта жатқан ойыншықтарды жинап коробкаға сала бастайды. Соңында әр қайсысы мен бірінші жинап болдым, мен көп жинадым деп мәз.

3. Байқайсызба кейде бірдеңені істейтін кезде бала «мен мұны істегім келмейді» деп отырады. Ал енді «келші мен саған көмектесейін», «бірге жасайық» десең қуанып, өзі ақ істеп тастайды.  Жалғыз істеу оның ішін пыстырады, ерінеді, ал бірге орындау оған көңілді.

4. Білімнің маңыздылығын түсіндіру. Кейбір балалар баға үшін оқиды. Күнделіктегі «5» санап, бірақ қазір баға да қойылмайды ау. Қазіргі оқығаным ертең өзіме керек болады деп түсіну керек. Мысалы, физикадан алған білім күнделікті өмірде керек болады. Әдебиет өмірдегі маңызды сұрақтарға жауап береді т.б.

Бала психологиясы

Яндекс.Метрика