Күйзелістен арылудың жолы

Бірде профессор оқушыларына күйзеліс туралы сабақ өтуде. Ол стақанға су толтырып, оқушыларынан сұрайды: «Қалай ойлайсыңдар, мына су толтырылған стақанның салмағы қанша?» Оқушылар «20 мен 500 грамм арасында » деген жауаптар айтады. Одан кейін профессор былай деді:

Стақанның нақты салмағы маңызды емес. Өйткені оның қиыншылық тудыруы, стақанды қолда қанша уақыт ұстап тұрғанына қарай өзгереді. Егер мен бұл стақанды бір минут ұстап тұратын болсам, ештеңе ете қоймас. Ауырлық сезбеуім мүмкін. Бірақ бір сағат ұстайтын болсам, оң қолымның талатыны анық. Егер бір күн бойы ұстап тұратын болсам, онда, бәлкім жедел жәрдем шақыруға тура келеді. Көріп тұрғанымыздай, стақанның салмағына қосымша ешқандай салмақ қоспадық.
Ол салмағына емес, ұстап тұрған уақытымызға қарай қиындық әкеледі.

Демек кез – келген жүкті өздеріңмен бірге ұзақ ұстап тұрсаңдар ол сендерге соншалық қиындық әкеледі.
Егер үнемі проблемаларымызды, ойлап жүретін болсақ, соңында көтере алмайтын жағдайға жетеміз. Бір ғана кішкене жүктің ауырлығы барған сайын көбейіп, одан да ауыр болуы мүмкін. Демек , бұл проблеманың шешімі- стақанды қойып, бір мезет демалған соң , қайта алу.
Үйге қайтқанда, жұмыстағы проблемаларды сыртта қалдырыңдар! Үйге алып кірмеңдер!»- деген екен.

Яндекс.Метрика