Қуыр, қуыр, қуырмаш

Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш!

Мынау тұрған —  бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.

Алақанның тұңғышы
Болсын осы жылқышы.

Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.

Ортан терек – ұзыны,
Түйе бақсын, қызығып!

Шылдыр шүмек – бұл саусақ,
Қой бағуды тұр аңсап.

Титтей бөбек-шынашақ,
Сен дайында жер ошақ.

Білекке енді барайық,
Онда не бар табайық:

Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар.

Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.

Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа!

Қытық, қытық, қызық-ай,
Міне, өрік, міне, май!

Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Бидай салам, қолыңды аш.

Төгіп алмай, күлем деп,
Балапанға барып шаш!

spot_img

Қызықты

«РАФАЕЛЛО»

✔Қажетті заттар: Кукуруз 80гр Сгущенка 1банка Кокосовый стружка Орех ✔Дайындалуы: Кукурузды жақсылап езіп,оған сгущенканы қосып...

Кола – денсаулыққа зиян

Бəрі сүйіп ішетін кола қандай ауруға алып келетінін білесіз...

Қарақат қосылған пирог

Бізге қажетті қоспалар: 1,5 стакан + 1,5 ас қасық ұн 125...

Өте дәмді торт

 Құрамы: Сгущенка өте қою - 500 гр Жұмыртқа - 3 шт Сарымай...

«Басма» өзбек тағамы:

Ет ✔ Пияз ✔ Сәбіз ✔ Баялды (баклажан) ✔ Қызанақ ✔ Картоп ✔ Болгар бұрышы ✔...