Түрік десерті – қабақ татлысын жасау

 

Бізге қажет болады:
1 кг асқабақ
3 ас қасық қант
майдаланған жаңғақ

Дайындалуы:

Асқабақты аршып, үлкен емес бөліктерге тураңыз. Табаға немесе қазаншық түбіне туралған асқабақтардың астын төмен қаратып тізіңіз бір қатар етіп. Енді үстіне қант сеуіп қойып, үстін жабыңыз. қатты емес отқа қойып 15 минут пісіріңіз. Асқабақ су шығарып қайнай бастаған кезде, үстін ашып тағы 20-25 минуттай пісіріңіз. Піскен асқабақтарды ыдысқа қойып, үстіне майдаланған жаңғақ сеуіп қойыңыз. Суытып жеңіз. Ас болсын!

 

Яндекс.Метрика