Вундеркинд бала

Вундеркинд Авиценнаның бұлжымас үш қағидасы.
Біріншіден, өз ісіне деген нағыз зерттеушілік қызығушылық таныту және басқа адамдарға пайда әкелу сезімінен ләззат алу. Міне, сол кезде ағзаның ресурстары түгесілмей, керісінше, үнемі жаңарып, толығып отырады – дарын адам жаратылысының заңдарымен үйлесімде өмір сүреді.
Екінші қағида – вундеркинд үшін алдына өз мақсаттарын қоя білу мен оларды жүзеге асыра білу аса маңызды.
Үшіншіден, вундеркиндтің дарынын ашатын, оны жас өскіндей мәпелеп күтетін бағбан – ұстаз қажет.
ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР. Дарынды бала – көпшілік ата-ананың арманы. Олай болса, төменде беріліп отырған кеңестерге құлақ асыңыз.
1. Балаңыздың еркін қимылдап-қозғалуына шек қоймаңыз. Өйткені, бұлшық еттер өмір сүруге де қажетті, ой-сананың сезім мүшелерінің қалыпты дамуы үшін қуат жинайды.
2. Дарынды адамдардың шығармашылығымен танысу – дамудың тиімді жолы. Бөтеннің тәжірибесін ой елегінен өткізе отырып, өз бойына шақтау арқылы бала жан-жақты дамыған тұлға ретінде тез қалыптасады.
3. Баламен, міндетті түрде, көп сөйлесу қажет. Оның, бір қарағанда, аңғал көрінетін сауалдарына қолды сілтеп, жауапсыз қалдырмай, керісінше, ұғымына лайықты деңгейде толыққанды жауап беріңіз. Бала бойында сезімталдықты дамытып, өзінен әлсіз жандарға аяушылық пен қамқорлық таныту қасиеттерін бойына сіңіріңіз.
4. Балаңыз қызығушылық танытатын салаға, жаныңызға жақын болмаса да, құрметпен қараңыз. Оны белгілі бір стандарттардың аясы тар шеңберіне тықпаламаңыз
5. Егер балаңыз мектепте жарқырап көзге түспесе, қынжылмаңыз. Ньютонның да мектепте жалқау және ақымақ деген атқа ие болғанын ұмытпаңыз. Үлгерім төмендігі үшін оны, тіпті мектептен де шығарып жіберген ғой.
6. Ал егер балаңыз аса қиналмай, оқуды тым жеңіл алып кетсе, бұл – назар аударуға тұратын нәрсе. Демек, табиғат берген қабілет-қарым аз пайдаланылады, ол не еңбекқорлыққа, не алға ұмтылуға тырыспайды. Бұл жағдайда қосымша жүктеу пайдалы. Ең бастысы, сабақ оқу оның көңілінен шығуы тиіс.

Қызықты

Балалардың құлақ, мұрын, тамақ ауруы

Балалар арасында тамақ, мұрын, құлақ ауруларына шағымданған ата-аналар жиі...

Мақсат қоя білесіз бе?

(Брайан Трейсидің The Secrets of Raising Super Kids (Супер балалар...

Теңіз шаянынан жасалған салат

Құрамы: 200 г теңіз шаяны 100 г ірімшік 2...

Шаңның аллергиясын қалай емдеу керек?

Аллергияны емдеуге кіріспес бұрын, сіз оны неге әкелетінін білуіңіз...

Шала туылған баланы тамақтандыру

Шала туылған балаларды тамақтандырудың қиындығы ағза қызметінің едәуір жетілмегендігіне...