Жазда іш өту болмас үшін…

Жаз айында іш өтудің алдын алудың еш қиындығы жоқ.

Бар болғаны келесі қарапайым ережелерді сақтаңыз:
✓Тамақтанардан бұрын, даладан кіргеннен кейн міндетті түрді баланың қолын жақсылап жуу қажет. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары дəл осы лас қолдар арқылы жұғатынын естен шығармаңыз.
✓Инфекция қоздырғыштары тағам түрлері арқылы жұқпас үшін, барлық көкеністер мен жемістер жақсылап жуылуы қажет. Сүт, ет тағамдары ұзақ қайнатылып, пісірілуі қажет. Жарамсыз, қолданылу уақыты өтіп кеткен өнімдер жайлы айтпаса да түсінікті.
✓Бала ағзасына түскен микроорганизмдер алдымен ауыз қуысындағы сілекей арқылы бейтараптанса, қалған бөлігі асқазан қышқылымен өлтіріліп, тірі қалғандары əлі де болса ішек микрофлорасы арқылы жойылады. Сондықтан, дұрыс, жақсы тамақтанатын, ұйқысы қанық, денсаулығы жақсы баланы инфекция оңай ала қоймайды. Балаңыздың, денсаулығына ден қойыңыз. Иммунитеті əлсіреп тұрған шағында ( мысалы, тіс шығу кезінде) жоғарыдағы шараларға ерекше ден қойыңыз. (Арнайы пост бар, тіс шығу кезінде ауырып қалмас үшін деген).
✓Барлық көкеністерді өз сезонына қарай, жергілікті түрлері пісетін, таза уақытында қолданыңыздар (қарбыз жегіміз келіп жатыр бəріміздің де, бірақ əлі сенімсіздеу сияқты Алматы үшін)
✓Уақыттылы су беріп тұру. Компот қайнатып, беріп тұру. Себебі, ішек микрофлорасын сақтауға көмегі жақсы
✓ Дəрігер кеңесімен эубиотик(хилак-форте, линекс, энтерожермин, биогая) курсын сырқаттанғаннан кейн, антибиотик терапиясынан кейн міндетті түрде қабылдаңыз.

Қызықты

Қасты қалай қалыпқа келтіреміз?

 Арманыңыздағы қалың, əдемі қасты қалай өсірсек болады. Егер абайсызда...

«Чёрный принц » торты

Торттың нанын дайындау үшін: ?2 жұмыртқа ?2 немесе 1,5 стакан шекер ?2...

Тар жамбас жағдайындағы жүктілік және босану

Жамбас сүйегінің кіші (тар) болуы жүктілік пен босану кезінде...

Сұлтан кебап

Құрамы: 200 гр фарш 2 пияз 1 помидор 1 болгар бұрышы Тұз, паприка, тмин Соус: 3...

Ананас салаты

Қажетті өнімдер: 300 гр. тауық еті 200 гр. консервіленген ананас...