Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары

Жоғары қан қысымын болдырмаудың жолдарын қарастырайық…

Асқабақ және лимон.
2 лимон, 1 кг асқабақ, 1 кг қант. Асқабақтың етін (мякоть) және лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосып араластырамыз. Тамақтанудан алдын 1 ас қасық қабылдау қажет. Тоңазытқышта сақтаңыз. Қанттың орнына балды қолдансаңыз тіпті жақсы.

Сарымсақ және алма сірке суы.
1 түйір (зубчик) сарымсақ, 1 шай қасық алма сірке суы, 200 мл су. Әр күні таңертең майдаланған сарымсақты аш қарынға жеу қажет, артынша ауызды алма сірке суы қосылған сумен шаю керек.

Қызылша – бал қоспасы
200 г бал, 300 мл қызылша шырыны. Қызылша шырынын сұйық балға құйып, жақсылап араластырыңыз. Тамақтанардан алдын, күніне 3-4 рет, 1 ас қасықтан қабылдаңыз.

Қызылшадан квас
1 кг қызылша, 2-3 л су, 3 ас қасық алма сірке суы, дәміне қарай лимон немесе бал. Қызылшаны үккіштен өткізіп, 3 литрлік шыны банкге салып, үстіне қайнаған су құйып, алма сірке суын қосыңыз, бетін дәкемен жауып, 2-3 күн тұруы тиіс. Тамақтанардан алдын күніне 3 рет, 100 мл қабылдау қажет. Дәміне қарай 1 шай қасық лимон немесе бал қосыңыз. Емдеу курсы – 2 ай.

spot_img

Қызықты

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

Басы: Жүктілік физиологиясы 10-12 апта: Сәби дамудың жаңа сатысына өтеді...

Жасөспірім қыздарды остеопороздан қалай қорғауға болады

Барлығымыз семіздік індеті мен диабет індеті туралы естідік, бірақ...

Хан ватрушкасы

Құрамы: Маргарин – 150 гр Ұн – 2 стакан Құмшекер – 1...

Бала тәрбиелеуде ата-анаға арналған 9 өсиет

Әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап...

Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының...