Күйікті емдеуге қарапайым кеңестер

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады.

3. Жара аузына бал (әсел) жаққан да өнімді.

4. Шикі жұмыртқаның ағы мен балды араластырып, жара аузына жақсаңыз қабынуды қайтарады және ауырғанды тоқтатады.

5. Алмұртты жапырақтап кесіп, жара аузына біраз уақыт таңып қойсаңыз ауырғаны тоқтайды.

6. Кішкене балалардың күйген жарасына 25 грамм қарабұршақты қою етіп қайнатып, жара аузына жақсаңыз өнімі жақсы болады.

7. Жеңіл күйік жарасы болса құрғақ шәй жапырағын отқа қақтап, сумайға араластырып, жара орнына жақсаңыз ісікті қайтарып, ауруды тоқтатады.

8. Қол немесе аяқтың терісі күйіп, зақымдалғанда дереу спиртке малған жөн. Бұл қызарып, су көтерілудің алдын алады. Егер осылай бірнеше рет жалғастырсаңыз күйген орын ақырын-ақырын қалпына келетін болады. Мақтаны спиртке малып, күйген орынды ауық-ауық сүртіп отырсаңыз да өнімін көре аласыз.

9. Дене май немесе қайнаған суға күйген жағдайда өсімдік майын қолданыңыз.

10. Күйік орнына кірсабын жақсаңыз да ауырғанды басып, ісіктің алдын алады. Кері әсері жоқ. Тек белгілі уақыттан соң жуып тастаңыз.

11. Бұдан сырт тіс пастасын жақсаңыз ауырғанды тоқтатып қалмастан, су көтеріліп, ісіктің, қабынудың алдын алады.

Яндекс.Метрика