Мәңгі макияж немесе жасанды қас

Date:

Share post:

Бет әлпетке көрік беретін – қас-кірпік екенімен келіспейтін адам жоқ шығар. Қассыз не кірпіксіз адамның түрі Гарри Поттердегі басты жауыз  – Волен Де Морттың түріне ұқсап кетеді. Ешкім де Волон де Морт  болғысы келмейтін шығар, әсіресе қыздар)))

Заманның ілгері басуының арқасында косметологияның да жетістіктері мен мүмкіндіктер көкжиегі біраз кеңейіп қалғаны рас.  Табиғат сізге қарлығаштың қанатындай қиылған қас сыйға тарпады деп уайымдамасаңыз да болады, өйткені татуаж бар. Кез-келген форма, кез – келген ұзындық, қалыңдық, тіпті жасыл қас жасаймын десеңіз де – еркіңіз өзіңізде.  Тап осы әдіспен қабаққа «стрелочки» жасап, еріннің де түрін өзгертуге болады. Ерін контурын қалаған түспен бояп, өзіңізге мәңгі (кемінде 5 жыл) визаж жасап алуға болады. Бұл татуаждың тек бір жақсы жағы ғана.

Минустарының тізімі бұған қарағанда біршама ұзын. Әлі де татуаж жасау ниетіңіз болса, алдымен төмендегі сөйлемдерге көз қырын салсаңыз, өтініш:

  • көп жағдайда аллергиялық реакция болады. Бояудың сапасы төмен болса, бұл процедура әдемілік сыйлаудың орнына, көптеген дертке шалдықтырып, тіпті тері қатерлі ісігіне алып барады.
  • түсі дұрыс таңдалмаса, әдемі қара қастың орнына жап-жасыл қастың иесі болып қалуыңыз әбден мүмкін.
  • уақыт өте келе бояу кете бастап, ала бұла боп тұрады.
  • біразға дейін ісік қайтпай, бет әлпетіңіздің қалыпты жағдайын ұмытасыз
  • Бір образда болу жалықтырған сәтте, бәрін сүртіп тастап, өзге бір бейне жасай алмайсыз.
  • Татуажды алып тастау, жасағанға қарағанда өте қиын және өте өте қымбат!
  • Және соңғысы, бұл процедура анестезиясыз жасалады (ішкі анестезияны айтам), сол себеп қатты ауырады!

spot_img

Related articles

Жөтел – ағзаңыз не жайлы хабар береді?

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе» деген атаумен блогерлер мен журналистерге арналған...

Иллюзиядағы өмір

Көңіл-күйіңіз болмағанда немесе құбылмалы көңіл-күйде жүргеніңізде, жұбыңызбен бала алдында сөзге келіп жүргеніңізде «кішкентай нәресте...

Ана махаббаты

Оқырмандар арасынан келген осы бір хат “Аналық махаббат” жайында тақырып қозғауға түрткі болды. Оқырман хаты: “Менің...

Балалардағы кризистер

  Балада бірнеше кризистік кезеңі болатынын ең алғаш рет 2018 жылы «Научите ребенку думать» деген...