Мелатонин гормоны сұлулыққа әсер етеді.

Мелатонин гормоны ұйқыға жауап береді. Бұл гормонды мидың ең құпиясы көп 
бөлігі болып табылатын эпифиз безі бөліп шығарады. Бұл безді халық арасында «үшінші көз» деп те атайды. Себебі, ең керемет ақпараттық мүмкіндіктер негізінен осы безбен байланысты болып келеді. Эпифиз бөліп шығаратын гормон эндокринді жүйені реттейді. Бұл гормон бәрінен бұрын ұйқының дұрыс болуына жауап береді.  Ұйқы дұрыс болмаса адамның беті ісініп, ашушаң болып кететіні белгілі.

 

Мелатонин гормоны сұлулыққа әсер етеді. 
Итальяндық киножұлдыз Софи Лорен сұлулықтың басты құпиясы жақсы ұйқыда екенін айтады. Әлемді аузына қаратқан сұлу әйел өзі түнде сағат 21-ден кеш жатпаған, ал таңертең 6-да ояғанды жөн көретін.
Оның қыздарға беретін басты кеңесі – дұрыс ұйықтау. Ғалымдар бұнымен толықтай келіседі. Себебі, мелатониннің мөлшері сағат 21-ге қарай артады, ал сағат 2-ге қарай ол өзінің шегіне жетеді де, таңертең сағат 9-ға қарай мөлшері төмендейді екен. Бір сөзбен айтқанда, ерте жатқан адам нағыз терең ұйқы кезінде мелатониннің есебінен ағзаның барлық ресурстары жасушалық деңгейде жаңарады.

Мелатонин мүмкіндік береді:
— ағзаның қорғаныс ресурстарын іске кірістіру;
— созылмалы (соның ішінде онкологиялық)
— аурулардың асқынуының алдын алу

 

Мелатонин гормоны қартаюды баялаутады. 
Қартаю үдерісі көптеген аурулардың көрініс табуымен қатар жүріп, 25 жастан кейін басталады. Оның басты себебі – мелатониннің жетіспеушілігі. Мелатонин тура осы 25 жастан бастап азая бастайды. Ғалымдар жас көрінудің құпияларын аша отырып, мынадай қорытындыға келген: 25 жастан кейін бұл гормонды үнемі қабылдай отырып, өмірді 15-20 жылға ұзартуға болады. Онымен қоса созылмалы аурулар мен шаршап-шалдығу деген болмайды. Американдықтар қазіргі таңда ұйықтар алдында мелатониннің бір таблеткасын қартаюдан сақтанатын дәрі-дәрмек ретінде ұйықтар алдында қабылдау керек.

 

Мелатонин: 
— қартаю үдерісін баяулатады;
— иммунды жүйені күшейтеді;
— қан қысымын реттейді.

 

 

Мелатонин гормоны түзілу үшін, әртүрлі дәрі-дәрмек ішудің қажеті жоқ. Ағзаға гормонды алуға көмектесетін қарапайым ережелерді ұстану жеткілікті.

 

1. Бір жарық көзінен гөрі жарықтың әртүрлі бірнеше түрін қолданыңыз.  

Әдемі люстра арқылы жарық таратқан дұрыс, бірақ шамның басқа да түрлері қосымша пайдалану мелотониннің түзілуіне көбірек септігін тигізеді.

 

2. Сағат 22-ге дейін ұйықтау тырысыңыз. 

Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдардың мелотонин гормонының түзілу үдерісі бұзылғандықтан, гипертония ауруына шалдығу көрсеткіші екі есеге артқанын статистиканың өзі дәлелдеп отыр.

 

3. Дұрыс тамақтаныңыз. Картоп, соя, макарон, баклажан сияқты тағамдарды қолданыстан шығармаңыз. Олар мелатониннің түзілуіне жақсы ықпал етеді. Құрамында мелатонині көп азық-түліктер:

— құс еті

— балық  еті

— сұлы, арпа, жүгері, күріш

— жеміс-жидектер.

 

4. Ұйықтар алдында қою шәй немесе кофе ішпеңіз. 

 Олар бұл гормонның түзілуіне кедергі келтіреді. Кейбір дәрі-дәрмектер де осындай әсерге ие. Сондықтан дәріні қабылдамас бұрын (әсіресе, ұйқысы нашар адамдар), оның нұсқаулығын жақсылап оқып алған дұрыс. Егер дәрі мелатониннің мөлшерін төмендететін болса, онда мұндай жанама әсері жоқ, басқа дәріге айырбастаңыз.

Яндекс.Метрика