Оны барлығы сұлулық эталоны санайды. Көп жылдар бойы әлем назарын өзіне аударып келе жатқан ақсүйек ханшайымнан сіздер үшін 4 кеңес ұсынамыз. Оны барлығы сұлулық эталоны санайды. Көп жылдар бойы әлем назарын өзіне аударып келе жатқан ақсүйек ханшайымнан сіздер үшін 4 кеңес ұсынамыз.
1. Йогамен айналысу жанды да, тәнді де емдейді Йога – жан әлеміне жол сілтеуші, ішкі күштің қалыпқа келіп, жағымды энергияның көбеюіне әсер етеді. Ол жан тыныштығы мен қатар әрдайым сымбатты болуға да септігін тигізеді. Анджелина ханым босанғаннан кейін йога және пилатеспен жүйелі айналысқан. Сондықтан сізге де осыны ұсынады.
2. Зімбірді күнделікті ас мәзіріңізге қосыңыз Зімбір (имбирь) – ас қорытуды дұрыстайтын, қан құрамындағы қант мөлшерін реттейтін, жүрек жұмысын жақсартатын өсімдік. Бұл өсімдіктің тағы бір қасиеті – бойға қуат береді, физикалық жаттығудан кейін күштің қалыпқа келуіне әсер етеді. Сондықтан актриса әр уақытта зімбір қолданады екен және барлық сұлуларға оны күн сайын тұтынуға кеңес береді.
3. Жаныңды таза ұстауға тырыс Өмір заңы бойынша барлығының қайтарымы бар. Ертең ғажайып ғұмыр кешуің, бүгінгі ісіңе байланысты. Сондықтан жүрек қалауымен өмір сүру керек! Біреудің көңілін жаралау, келешекте алдыңыздан шығуы мүмкін. Ол үшін күн сайын жақсылық істеуге ұмтылудың қажеті жоқ, тек күн сайын ешкімге зиян келтірмеуге тырысыңыз! Бұл қарапайым қағида болғанымен, нәтижесі керемет!
4. Классикалық үлгі – әйелдер үшін ең жақсы таңдау Әр қыз табиғатынан сұлу, әркімнің өзіне тән қылығы мен энергиясы бар. Тек кейбір әйелдер өздерінің бақытты болуына мүмкіндік бермейді. Бастысы әйел өзінің бағасын біліп, байсалды болса болғаны. Әйелдің «визиткасы» – оның сырт келбеті, классикалық үлгі ешқашан сәннен шықпайды. Бұл жеңімпаздар мен өзіне сенімді адамдардың бейнесі.