Әшекей бұйымдарын тазалау

Уақыт өте кез келген әшекей бұйым өзінің бастапқы табиғи жылтыры мен әсемдігінен арыла бастайды. Адам терісімен ұзақ уақыт жанасқан алқа, сақина, не сырғалардың бетіне май мен терінің өлі жасушалары жиналады. Бұл әшекейдің қараюына әкеліп соғады.

Әшекей бұйымдарды дұрыс күтіп, тазалау керек. Сақина мен сырғалардың көздеріндегі тастар түсіп, ал қысқыштары сынып қалуы мүмкін. Оларды тек тазалаумен шектелмей, жыл сайын зергерге көрсетіп, дұрыстығына көз жеткізіп отырыңыз.

Әшекей бұйымдарды сатып алғанда салынған қораптарда сақтаңыз. Ішінде жұмсақ жастықшаның болғаны дұрыс. Әшекейлеріңіз бірін-бірі тырнамауы үшін бір қорапқа бірнеше данасын салмаңыз. Моншақтардың шатасып қалуына жол бермеңіз.

Әшекей бұйымдарды тағып, спортпен шұғылдануға, шомылуға, ұйықтауға болмайды.

Әшекей бұйымдарды мынандай жолдармен тазалауға болады:

жылы сабынды сумен;
қант қосылған таза сумен;
мүсәтір спирті мен этил спирттерінің ерітінділерімен;
этил спиртімен;
арнайы әшекей тазалайтын майлықтармен;
әшекей бұйымдарын тазалауға арналған сұйықтықтармен;
тіс ұнтағы ерітіндісімен.
Әшекей бұйымдарды айына бір реттен артық тазалауға болмайды. Себебі тазалағыш сұйықтықтардың құрамында химикаттар мен реактивтерді, солардың ішінде сынап, күкірт, йод, хлор сияқты заттарды шамадан асыра қолдану әшекей бұйымдардың түсін құртады. Алайда оларды жиі-жиі таза құрғақ майлықпен сүртіп тұрыңыз.

Алтыннан жасалынған бұйымдар тез қарайып, өңін жоғалта бастайды. Алтынды жылы сабынды суда 15-20 минут ұстап, кәдімгі тіс щеткасының көмегімен тазалап көріңіз. Алтын алқаларды тазалағанда мына кеңесті қолданып көріңіз. Сабын су құйылған бөтелкеге салып, бірнеше рет жақсылап шайқаңыз. 5 минуттан кейін қайта шайқап, алқаңызды түкті матамен сүртіп, жылтырын келтіріңіз.

Күміс бұйымдарды тазалау үшін оларды 2-3 сағатқа туралған картоп салынған суға батырып қойыңыз. Сондай-ақ, ас содасы қосылған суға салынған күміс тез жарқырап шығады (1 литр суға 50 гр ас содасы). Қара дақтары бар күміс бұйымдарын мүсәтір спиртінің ерітіндісінде тазаласа болады (1 литр суға 1 ас қасық спирт). Ылғалдықтан пайда болған дақтарды жылы сірке суымен кетіре аласыз. Қандай тазалық шараларын істесеңіз де, күмісті артынан жылы таза сумен шайған дұрыс.

Гаухар тас, лағыл, жақұт сияқты қымбат асыл тастары бар әшекей бұйымдарды тазалағанда өте абай болыңыз. Жаңа тіс щеткасы мен кәдімгі ыдыс жуатын сұйықтықты қолдана отырып, жылы сумен жуыңыз.

Опал не изумруд тастары ерекше ептілікті талап етеді, себебі олар сынғыш әрі нәзік келеді. Оларды тазалағанда су, немесе басқа да сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Бұндай бұйымдарды не ерекше ептілікпен және осы тастарға арналған майлармен тазалаңыз, не бұл істі зергерге тапсырыңыз.

Қандай әшекей бұйымыңызды тазаласаңыз да, оны раковинада тазаламаңыз, қолыңыздан түсіп кетсе, «артық қылам деп тыртық қылып» аларсыз..

Қызықты

Кәкәрім көже

Құрамы: 3 кесе тәтті айран, 1 көк пияз, ас қасықтың 2/3...

Балаңыздың күн тәртібі (1 жастан 3 жасқа дейін)

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда...

Емшекпен емізуді дұрыс аяқтау

  Әдетте, нәресте емізуді аяқтауға, барлық сүт тістері пайда болған...

Түрік тәттісі Пахлава

Құрамы: ? Ұн – 500г ?дрожь– 1/2шәй қасық ? Жұмыртқа – 1дана ?...

Штрудель тағамы

Құрамы: 500 г фарш 500-700 г картошка 150 г пияз тұз бұрыш өсімдік майы Қамырына: 100 мл...