Менің қызылша ауруына шалдыққан кішкентай сәбимен байланысым болды. Бұл жүктілік кезінде кері әсерін тигізбей ме?
Қызылша өте жылдам жұғатын аурулардың қатарына жатады. Бірақ денесіне қызылша шыққан адамдармен байланысқан жағдайдың барлығында бірдей жұға бермейді. Егер сіз қызылшаны жұқтырсаңыз, соңы аса ауыр тұмауға немесе дене қызуының көтерілуіне әкеп соқпаса, ешқандай қауіп болмайды. Қызылша қалыпты жағдайда жатырдағы ұрыққа әсер етпейді. Оның соңы қауіпті тұмауға ұласса, болашақ сәбиіңізге қауіп болуы мүмкін.
Жүкті әйелдер қызылша ауруын жұқтырғанда жылдам арада дәрігерге қаралу керек. Дәрігер жүктілікке кедергі келтірмейтін, зияны жоқ дәрі-дәрмектер арқылы ем-дом жасайды.
Алғаш рет жүкті болғанымда қызамық ауруына байланысты антиденелер титрі 1:32 болды. Енді, екінші жүктілігімде ол титр 1:16 болды. Қазір менің ағзам қызамыққа қарсы дұрыс қорғалмаған ба?
Титр 1:16 болғанда қызамыққа қарсы қорғаныс болуы әбден мүмкін. Бірақ сенімді түрде «Болмайды» деп, кесіп айту қиын. 1:16 мен 1:32 титрлерінің арасы тым алшақ емес. Кейде аздаған методикалық өзгерістер титрдің өзгерісіне себеп болуы мүмкін. Егер шынайы қауіпті қызамық ауруы пайда болуы ықтимал болса, белгілері байқалса, ол ауруды дәрігеріңіз жазбай тануы керек.
Антиденелер титрі деген не? Қысқаша түсінік берсеңіздер екен.
Адамның денесіне түскен зиянды бактериялар мен вирустарға қарсы күресетін өте ұсақ биологиялық белсенді денешіктер бар. Олар «антиденелер» деп аталады. Антиденелер иммундық жүйені күшейтеді.
Антиденелер титрі қанды сараптамадан өткізу барысында анықталады. Титрлер 1:4; 1:8; 1:16; 1:32 және осы тізбектегідей жалғасып кете беретін коэфиценттерден тұрады. Титр (екінші бөліктегі сан) үлкен болған сайын иммунитеттің де мықтылығы арта түседі. Мысалы, титрі 1:8 адамға қарағанда титрі 1:64 болатын адамның ағзасы анау-мынау ауруларға «жеңіле» қоймайды. Демек, иммунитеті күшті болады.
Әр түрлі ауруларға байланысты ең төменгі титр көрсеткіші әр түрлі болады. Мысалы, қызамық ауруы үшін ең төменгі шекара — 1:32. Кейде титрі 1:16 болған адамдардың ағзасы қызамыққа төтеп бере алатын жағдайда болады.
Қызамыққа қарсы екпе жасаттым, бірақ антиденелер титрі әлі 1:8 күйінде қалып қойды. күнделікті түршілікте өзімді қалай қорғай аламын?
Қызамыққа қарсы екпенің өте сирек жағдайларда әсері болмай жатады. Титрді анықтау үшін қызамыққа қарсы ектірілгеннен соң 4 апта өткенде антиденелерді дәрігерге барып бақылап (тексеріп) көру қажет. Ешқандай тексерусіз нақты жауап беру мүмкін емес.
Екпе болсын, басқа дәрі болсын, аурдан 100 пайызға қорғай алмасы анық. Қызамықтың белгілеріне ұқсас белгілерді байқасаңыз, сол ауруға шалдыққан адаммен байланыс жасасаңыз, дәрігеріңізге қаралыңыз.
Жүктіліктің алғашқы триместрінде (12 аптасы) қызамық ауруы жатырдағы балаға өте қауіпті болады дейді. Осы рас па?
Иә, алғашқы триместрде жұқтырған қызамық ауруы сәбидің бойынша туабітті болатын ақаулардың пайда болуы ықтималдылығын едәуір артырады. Бұл қауіп жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап азая түседі, 22-ші аптадан бастап жоқ болады.
Ұқсас мақалалар
Жұқпалы эритема деген қандай ауру?
Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар