Жүкті әйелге қажетті минералды заттар

Жүктілік кезіндегі минералды заттар. Жүкті әйелге қажет минералды заттар. Қандай минералдар пайдалы?

Жүкті әйелдердің барлығы темір препараттарын қабылдау керек пе?

Бұл сұраққа жауап беретін мамандардың жауаптары екі топқа бөлінеді: бір топ маман «Иә» десе, екінші топ «Олай емес» деп жауап береді.

Темір препараттарының жүкті әйелдерге зияны жоқ, бірақ қыруар ақша тұратынын ескерсек, барлық әйелдің ондай препараттарға қол жеткізе бермейтіндігін түсінеміз.

Жүктіліктің екінші жартысында аяғы ауыр әйелдің ағзасындағы темірге деген сұраныс артады: күндік мөлшері — 30 мгр. Бұл 30 мгр темірді тамақтан алу мүмкін емес деуге болады. Сондықтан алғашқы уақытта ағзада жиналған темір қоры пайдаланылады. Ол таусылғанда ғана барып қосымша темір препараттарына деген сұраныс туындайды. Көптеген әйелдердегі темір қоры етеккір кезінде және алдыңғы жүктілік кезінде таусылып қалады немесе қте аз мөлшері сақталады. Осындай себептерге байланысты жүктіліктің 30-шы аптасына қарай әйелдерде жүктілік кезіндегі темір жетіспеушілігі симптомдары байқалады. Темір жетіспеушілігінің салдарынан шаршау мен бозару байқалады, әйел індеттерге (инфекция) жиі шалдығатын болады. Осыдан кейін темір препараттарын қабылдаудың жөні бар (қабылдау орынды).

Тағамдардан темірді сіңіріп алуға С дәрумені көмектеседі. Ол үшін түскі ас кезінде бір стакан апельсин немесе грейпфрут шырын ішу керек. Бұлай ету мүмкін болмаса, тамағыңызға лимон шырынын сеуіп жіберіңіз.

Мендегі гемоглобин мөлшері өте төмен. Бірақ темір преператтарына төзе алмаймын. Не істеуіме болады?

Гемоглобин мөлшерінің өте төмен болуы сізде қаназдық ауруының (анемия) бар екендігін білдіреді. Ол дегеніміз қан құрамындағы қан түйіршіктерінің аз екендігін білдіреді. Ал олардың мөлшері қандағы темірдің мөлшеріне тікелей байланысты.

Қан түйіршіктері оттегіні қан арқылы жатырдағы ұрыққа тасымалдайды. Мұның маңыздылығын ескере отырып, темір препараттарын қабылдауыңзға тура келеді. Бірақ темір препараттарының, көбіне таблеткалар мен капсула түрінде, жанама есерлері болады. Мысалы, іш ауруы, іш қату сияқты ауырсынулар байқалады.

Тәжірибе жүзінде төмен мөлшердегі гемоглобинді қалыпты деңгейге жеткізу үшін тағам құрамындағы темірді сіңіру жеткіліксіз болып табылады. Қосымша темір препараттарын қабылдауға тура келеді.

Менің екіқабат құрбым күн сайын фторид қабылдап жатады. Онысын жатырдағы балаға пайдалы деумен түсіндіреді. Осы сөзі рас па?

Ия, тағамтану саласының мамандары жүктілік кезінде фторид (фтордың басқа заттармен араласқан түрі) қабылдаудың жатырдағы бала бойында кариестің пайда болуына қарсы тұруда және фторид қорын молайтуда көп көмектесендігін айтады. Ол үшін күніне 2 мгр натрий фторидін қабылдаса жеткілікті. Оның құрамында 1 мгр фторид болады.

Фторидтің қайнар көзі — фторидке бай минералды сулар. Әдетте қара шайдың құрамында да фторид болады. Бірақ қара шай темір сіңіруді тежейтін болғандықтан, оны жүктілік кезінде ішпейге кеңес береді. Ең дұрысы: фторидке бай ас тұзы мен тіс күтіміне қажетті заттар (тіс пастасы мен тіс кремі), сондай-ақ, фторид таблеткалары. Фторид таблеткаларын дәргердің белгілеп берген мөлшерінен асырмай қабылдау керек.

Жүктілік кезінде магнезиум қабылдауыма бола ма, егер аяқ сіңірлерім тартылайтын болса да?

Жүктілік кезінде маңызды рөл атқаратын минералдардың бірі — магнезиум. Дұрыс тамақтанудың өзі үнемі ағзаға қажетті магнезиум мөлшерін бере бермейді. Сондықтан қосымша магнезиум қайнар көзін табуға тура келеді.

Магнезиумның аздығы жүктілік кезіндегі ауруларға, аяқ сіңірлерінің тартылып қалуына, жоғары қан қысымына және ерте толғаққа әкеп соғуы әбден мүмкін.

Жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдер үшін магнезиумның күндік мөлшері 450 мгр болса, қалыпты деп саналады. Егер мөлшерден асып кетсе, ешқандай қауіп болмайды.

Балықты ұната бермеймін, яғни балықты көп жемеймін. Олай болса, Йодты қалай көбейтуіме болады?

Тағамтану саласының мамандары жүкті әйелдерге қажетті күндік йод мөлшерін шамамен 250 микрограмм деп белгілейді. Бұны аптасына екі рет балық жеу арқылы және күнделікті тұрмыста ас тұзын тамаққа қосу арқылы толтыруға болады. Бірақ 100 пайызға толтыра аласыз дей алмаймыз. Сондықтан қанша безін зерттейтін мамандар күніне 200 микрограмдық йодит таблеткаларын қабылдауға кеңес береді. Дегенмен, йодты шамадан тыс қабылдаудың кей ауруларға кері әсер ететіндігін ескеру керексіз.

Мен сүт өнімдерін ұната бермеймін. Олардан алатын кальций мөлшерін басқа қандай тағамдардан алуға болады?

Кальций минералының қайнар көзі болып табылатын көкөністер де бар: броколли, браунколь (немесе грюнколь — қырыққабаттың түрі), фенхель, порей пиязы. Сонымен қатар қара бидай ұнынан жасалған нан, жаңғақтар, дәндер мен шопақтар және кальциймен байытылған минералды сулар қажетті кальций мөлшерін толтыра алады.

Ұқсас мақалалар

Жүкті әйелге қажетті дәрумендер (витаминдер)

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

Яндекс.Метрика