Мен балабақшада балардың тәрбиешісімін. Балалардың арасында ауруға шалдыққандары да бар. Мұндай жағдайда қандай сақтық шарасын қолданғаным жөн?
Сіз жүктілік уақытында болуы мүмкін ауруларға байланысты қан арқылы анализ (сараптама) жасатпасаңыз, иммундық жүйеңіздің қалыпты жұмыс жасап жатқанына сенімді болмасаңыз, ауру балалардан сізге аурудың бірнеше түрлерің жұғу қаупі бар. Алдын алу үшін дәрігер кеңесіне жүгініңіз, сақтық шарасы ретінде ауру балалардан алшақ жүріп жұмыс істейтіндей мүмкіндік тудырыңыз.
Жүктілерге үй жануарлары (үйдің ішіндегі хайуандар) арқылы жұғатын қауіпті аурулар бар ма?
Мысықтардан токсоплазмоз ауруы жұғады. Бұл кесел жүкті әйелдің жатырындағы ұрықтың дамуына орасан зор зиян келтіре алады. Үйіңізде мысық болса, денсаулық жағдайыңызды тексертіп алыңыз.
Мысықтың әжетханасы саналатын орынды басқа адамға тазалатыңыз. Ол жерде аяғы ауыр әйел үшін зиянды, қауіпті бактериялар болады.
Ұшық жарасы жүктілік кезінде қауіп тудыра ма?
Ұшық (ғылыми атауы: герпес), әсіресе, ерінге шығатын ұшық жүкті әйелдерге ешқандай қауіп тудырмайды. Бірақ балаңыз туылғаннан соң ұшық шыққан аймақтағы вирустар қолыңыз арқылы, түшкіру арқылы жаңадан туылған сәбиге жұға алады (оның иммундық жүйесі қалыптаспаған болады). Алдын алу үшін аузыңызға қорғаныш маскасын тағып, қолдарыңызды үнемі талазап жуыңыз. Емізер алдын және баланы аймалар алдын бір рет қолыңздың таза екендігіне, аузыңызда қорғаныш масканың бар екендігіне назар салыңыз.
Ұшықты емдеу үшін ерінге арналған майларды, лимонды бальзамды және шай ағашының майын пайдалануға болады.
Жүктілік кезінде кенелерден сақтану маңызды ма?
Әрине. Кенелер арқылы аса қауіпті індеттерді жұқтыруыңыз мүмкін. Ондай аурулардан алдын ала егу арқылы сақтануға болады.
Егер кене шақса, жылдам арада дәрігерге қаралу керексіз.
Кене шағу жағдайы тіркелмегенімен, кенелер арқылы таралатын зиянды бактериялар болады. Қалай дегенмен де, кенеден алшақ жүру керек.
Жүктілік кезінде әйелдің қатты қызуы көтерілсе, жүктілігіне қаупті болады деген сөз рас па?
Бұл сұрақ айналасында көптеген ғылыми зерттеулер жасалды. Қортындылары да әртүрлі.
Анасы жүкті кезінде жиі және 24 сағаттан көп уақыт бойына қызуы 39°C-тан жоғары болып көтерілген балалар туылғанда денсаулықтарында аздаған кемшіліктер болған. Қызу көтерілу ауруы жүктіліктің алғашқы уақыттарында туабітті кемістіктерді пайда болу ықтималдылығын екі есеге дейін арттыруы ықтимал.
50 мың жүкті әйелдің жағдайын бақылауда ұстап, олардан туылған балалардың денсаулықтарын тексергенде, дене қызуының көтерілуінен пайда болуы мүмкін ауруларды таппаған.
Қалай десек те, жүктілік кезінде қызу көтерілсе, оны түсірудің амалын жасау керек. Мысалыға, парацетамол дәрісін қабылдауға болады.
Үнемі болып тұратын жөтел жатырдағы балама зиянын тигізеді ме? Түшкіру мен сіңбіру жайлы не айтасыз?
Босанар алдында (толғақ кезінде) болмасаңыз, жөтел мен түшкірудің балаңызға зияны болмайды, Сіңбірінуді зиянды деп ойлаудың өзі қисынсыз.
Жөтеліңіз қатты болмаса, алаңдамаңызға болады. Жөтелдің түрлері көп. қарапайым жөтел тұмау (грипп) кезіндегі жөтел секілді қауіпті болмайды.
Жөтелді емдеу кезінде емдік шөптесін дәрілерді немесе химиялық қуаты әлсіз дәрілерді пайдалануыңызға болады.
Ұқсас мақалалар
Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар
Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады
Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы
жүктілік кезінде етекір аздап келуі мүмкінбе жане жүктілкті толық клай тексеріп білуге болады
Саламаттсыздар ма? Сіздерге койар сурагым бар еді. Маган етекірім келді. бірак келетін кунінен ерте келді, ол аурудын белгісі емеспе. етекірім келседе жукті болу мумкін бе? озімде озгеріс байкалады. Коп уйыктаймын. журегім айнеді. толыксу.басым жие ауырады. соны білгім келеді. Сурагымды жауапсыз калдырманыздар. жауап кутемін. алдын ала рахмет айтамын.
Келінім жүктіліктің 7 айында жүр. 3 күн болды қан қысымы алғашқыда 150-90 кейінгі күндері 130-80-ге көтеріліп, қайта қалыпқ түсіп, температурасы да 37,5 дәрі ішсе (параситомол) 36,5 болып, ойнамалы болып тұр. Бұл қауіпті ме?