Жұқпалы эритема деген қандай ауру?

Жұқпалы эритемаЖұқпалы эритема, Бесінші ауру, Эритема инфекционная

Жұқпалы эритема (лат.: erythema infectiosum; орыс.: пятая болезнь, эритема инфекционная) — балалардың денелеріне қызыл бөртпе түрінде шығатын жұқпалы тері ауруы. Бұл кеселдің «Бесінші ауру» деген де балама атауы бар.

Мен жүктіліктің 8-ші аптасындамын. Менің кішкентай қызым жұқпалы эритемамен ауырып жатыр. Қызымның ауруы маған қалай әсер етеді?

Жер бетіндегі адамдардың жартысына жуығы осы аурумен бір рет ауырып шығады. Ауырған адамдардың бойынша (қанында) қарсы тұратын антиденелер пайда болады. Сондан соң ауру қайтады. Ал сіздің бұл аурумен ауырған немесе ауырмағандығыңызды қаныңызға сараптама жасау арқылы анықтауға болады.

Жұқпалы эритема қызылша секілді жүктілік кезінде болуы ықтимал қауіпті жағдайды (дұрыс жетілмей туылу) тудырмайды. Бірақ ауру болғандықтан сақтанудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Оның үстіне, сіздің аяғыңыз ауыр.
Жұқпалы эритема асқынған жағдайда алғашқы сатыдағы ұрыққа зиянын тигізіп, оның бойында қаназдық ақауын тудыруы ықтимал. Ал соңы жатырда жатқан баланың бойында домбығу тудыруы да ғажап емес.

Босанар алдындағы  жұқпалы эритема қаншалықты қиын мәселе тудырады?

Жүктіліктің соңғы апталарында пайда болатын жұқпалы эритема жатырдағы баланың бойынша қаназдық немесе басқа да аурулардың пайда болуына әсер ете алмайды. Себебі ол процесс бірнеше аптаға созылып, соңында ғана қаназдық пайда болады. Ал ол уақытта сіздің босанып үлгеруіңіз де мүмкін.

Мен бала кезімде «бесінші ауру» деген тері ауруымен ауырдым. Енді қазір есейген шағымда қайта ауыруым мүмкін бе? Бұл ауру қайталана ма?

Жоқ, қайталанбайды. Бір рет ауырған адамның бойында осы ауруға қарсы өмірбойы әрекет ететін антиденелер пайда болады. Сол себептен бір рет ауырған адам қайтып ауырмайды.

фотолар: mamacommunity.de, muetterberatung.com

Ұқсас мақалалар

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Балаларға тән ауруларының жүкті әйелдерге әсері

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Кефалогематома жайлы сұрақтар

spot_img

Қызықты

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне...

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не? Белгілері қандай болады? Брэкстон-Хикс (Braxton Hicks) —...

Бапталған ешкі сүті — аллергияға қарсы ем

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың...

Жазғы салат

Салат құрамы: Қырыққабат – 100гр Қияр – 1дана Ақ...

Бала қиялын қалай оятамыз?

  Қиялы ұшқыр балалардың өсе келе кез келген мәселенің креативті ...