Менің қызымның жасы бірде. Барлық тамақты шайнамай жұтады. Мысалы, жаңғақтар мен зәйтүнді шайнамай жұтады. Оған шайнауды үйретуге бола ма?
Ия, үйретуге болады, бірақ оған қалай шайнау керек екендігін істеп көрсету арқылы үйрете алмайсыз. Себебі ол ондайды түсінбейді.
Қызыңызға шайнауды үйрету үшін оның жақ сүйегін біраз жаттықтыру керек. Ол үшін оған тіс шығар кезде шайнайтын резеңке немесе нанның үлкен тілігін беріңіз. Ол соларды тістеу арқылы шайнауды үйренеді.
Өз бетінше шайнап үренгенше қатты тамақтардан тек ұсақ түйіршіктелгендерін беріңіз немесе бірден жұта алмайтындай үлкен қылып беріңіз.
Кез-келген жейтін қатты заттарды шайнамай жұту үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Тамағына бір зат тұрып қалуы мүмкін екенін ескеріңіздер.
фото: moikompas.ru