Tag «Қазақтың салт-дәстүрлері»

Ашамайға мінгізу

Ашамайға мінгізу — қазақы тәрбиелік мәні бар салт, ұл балаға жасалады. Ашамайға мінгізу ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде жасалады. Әдетте, 5-6 жасқа толған балаларға жасалады. Иә, ертедегі көшпелі қазақтардың балалары 2-3 жасынан бастап атқа мінген, өз еркімен болмаса да үлкендердің алдында немесе артында отырған. Бірақ 5-6 жастағы балаға жасалатын ашамайға …

Бесік той (Бесікке салу)

Бесік той — дәстүр, отбасындағы тұңғыш нәресте дүние келгеннен кейін, қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. Бесік тойда жас нәресте нағашылар жұртының әйелдері әкелген бесікке бөленеді. Бесік тойға еркектер қатыспайды. Бесік той тек алғашқы перзенттің бесікке бөлену құрметіне жасалады. Ал бесікті алып калетін жақта «Бесік алып бару» дәстүрі бар: бесік тойға апаратын заттар мен жабдықтарды көрші-қолаңдар көреді. …

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. Жас келіннің аяғы ауырлағаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары мен енелері (ағайын-туыстар арасындағы үлкен әжелер) жиналып «Құрсақ шашу»

Шілдехана тойын жасау керек пе?

Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі, баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Бұл салтты еліміздің кей жерлерінде «шілделік» деп те атайды. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да баруға болады. Қонақтар

Кіндік шеше. Кіндікті еркектер кескен бе?

Кіндік шеше — сәби шырылдап дүние есігін ашқанда оның кіндігін кесетін әйел адам. Қазақ халқы ертеде кіндік кесуге қатты мән берген. Кез-келген әйелге кіндік кестірмеген. Халық «Бала кіндігін кескен әйелге ұқсап өседі» деген түсінік болған. Сол себептен де кіндікті кесетін әйел сыйлы, құрметті, ақылды және бала тәрбиелеп өсірген тәжірибелі әйел болған. Бір қызығы, енелер келіндерінің жүктілігі …

Яндекс.Метрика