Кіндік шеше. Кіндікті еркектер кескен бе?

Кіндік шеше — сәби шырылдап дүние есігін ашқанда оның кіндігін кесетін әйел адам. Қазақ халқы ертеде кіндік кесуге қатты мән берген. Кез-келген әйелге кіндік кестірмеген. Халық «Бала кіндігін кескен әйелге ұқсап өседі» деген түсінік болған. Сол себептен де кіндікті кесетін әйел сыйлы, құрметті, ақылды және бала тәрбиелеп өсірген тәжірибелі әйел болған. Бір қызығы, енелер келіндерінің жүктілігі белгілі болған сәттен бастап-ақ балаға кіндік шеше болатын үлгілі әйелді іздестіре бастаған екен. Көп үміткер әйелдердің арасынан мінезі мен қылығы және іскерлігі жақсы, елге сыйлы, парасатты деген, бір сөзбен айтқанда, керемет әйелді кіндік шеше ретінде таңдаған. Кіндік шешені таңдау сәби дүниеге келмей жатып орын алған.

Кіндік шеше болады деп таңдалған әйел аяғы ауыр келінге босанар алдын өз ақыл-кеңесін айтып, қолынан келгенше үй шаруасы мен басқа да шаруаларын бітіруге көмектескен.

Бала дүниеге келіп, кіндігі кесілгеннен соң сәбидің ата-анасы кіндік шешеге сый-сияпат жасайды. Оны кіндік шешеге төленетін қызметтік ақы деп емес, керсінше, оған көрсетілген құрмет деп санаған. Себебі, кіндік кесу — ақылы түрде көрсетілетін медициналық қызмет емес.

Кіндік кесу — дүние есігін жаңадан ашқан сәбиге көрсетілетін алғашқы медициналық қызмет әрі сәбидің күтімі.

Кіндік шеше өзі кіндігін кескен баласының қамқоршысы, тәрбиесі әрі жақын адамы болып саналады. Бала болса, кіндігін кескен екінші анасын өмір бойы құрметтеп, есейгенде оған қамқор болады. Анасынан кейінгі құрметті әйел адам ретінде кіндік шешені құрмет тұтқан.

«Кіндік шеше» атауындағы «шеше» сөзінің жайдан-жай қосарланып тұрмағанының дәлелі де сол қамқорлығы мен бауырмалдылығы. Егер ондай рухани байланыс болмаса, кіндік кескен әйелді неге жай ғана «Кіндік кесуші» деп атамаған?! «Кіндік шеше» деген құрметті атаудан ұғатынымыз, кіндік шеше мен бала арасында ешқандай қан бойынша туыстық қатынас болмағанымен, рухани тұрғыда мықты байланыс болады.

Кіндікті еркектер кескен бе?

І.К.Кеңесбаев жалпы редакциясын басқарған Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің бесінші томында «Кіндік ата» немесе «Кіндік әке» деген терминдер кездеседі екен. Екеуінің мағыналары — бірдей. Мынадай мағынаны білдереді: Кіндік ата (әке) — кіндік кесетін ер адам. Тұңғыш перзентін ұзақ уақыт бойы күткен отбасында дүниеге ұл бала келсе, оның кіндігін ер адам кеседі. Бұл — қалыптасқан дағдыдан (әйел кесетін дағды, дәстүр) бөлек жағдай.

Кіндік бала — кіндік кескен кіндік шешенің баласы (кіндігі кесілген бала);

Кіндік ене — жарының (жолдасының) кіндік шешесі.

Ұқсас мақалалар

Тұсау кесу (Баланың тұсауын кесу)

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу, кіндігіне күтім жасау

Кіндік жарығы (грижасы)

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

spot_img

Қызықты

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді? Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы...

Бауырдан жасалынған торт

Керекті азық-түлік: . Жас малдың бауыры. . Жуа(лук) - 1 шт. ....

Картоп ұялары

✔ Құрамы: ➖ Картоп - 600гр; ➖ Жұмыртқа - 4 дана; ➖...

Канапе

Бізге керегі: 1 дана багет қара наны 200 г Пісірілген шұжық...

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне...