Tag «Бала денсаулығы»

Балалар арасындағы пневмания

Балалар арасындағы пневмания

Пневмания немесе өкпенің қабынуы— түрлі вирустардың, бактериялардың, паразиттердің, микроорганизмдердің әсерлерінен пайда болған өкпе инфекцияларына қатысты ортақ термин. Көбіне пневмания вирустардың (мысалы: аденовирустар, тұмау вирустарының, т.б.) әсерінен болады. Кейбір жағдайда пневманиямен ауыратын ауру адам түшкіру кезінде қасында отырған сау адамның өкпесіне бактериялар мен микроорганизмдер жұқтыру арқылы өкпенің инфекциялық қабынуын таратады. Пневманияның белгілері: Аурудың белгілері балалардың жас ерекшелігіне қарай және …

Балалардағы анемия (қаназдық)

Гемоглобиннің қалыпты мөлшері

«Анемия» сөзі қазақша «қаназдық» дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына …

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. Көп жағдайда күз бен қыс мезгілдерінде балаларда аденовирустардың салдарынан пайда болып, жаурап қалғанда күшіне енетін ауру. Сонымен қатар, бала организміне қасында жүрген адамдардан да жұғуы мүмкін. Ангина ауруының белгілері. Жалпы ангинамен ауыра бастағанда бала әлсіреп, басы ауырады,

Балам жиі ауырады. Неге?

Аурухана есігін қаққан аналардың көбі перзентінің жиі ауыратындығына шағым жасайды. Кейбір таныстарымыз мұны баланың қалыпты дамуы деп қабылдаса, бірі қауіптілігін айтып, үрейлендіріп жатады. Дрігерлер қауымының бұған көзқарасы қандай? Тараз қалалық №2 қалалық емхананың балалар дәрігері Сәуле Қуатбекова не дейді екен? Дәрігерлер жиі ауыратын бала деп кімді айтады? Жауап: Дәрігерлер қауымы 1 жасқа толмаған балаларды жиі …

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Емшектегі балалар арасында кездесетін аурудың түрі көп. Олардың бірі – іш қату. Іш қатқаны қандай да бір дерттің белгісі. Оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Аталған қиындыққа кез-келген ата-ана өмірінде кем дегенде бір рет бетпе-бет жолығады. Сондықтан, оны емдеуде дәрігер кеңесі артықтық етпейді. Тараз қалалық №2 емхананың балалар дәрігері Перуза Тәжібаева аналарға мынадай кеңес береді. Іш қату …

Баланың көз қылилығы туралы

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы, екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі. Егер сіздің балаңыз 6 айға толып койып, бірақ көзінің қылилығы кетпеген болса міндетті түрде дәрігер-окулситпен кеңескеніңіз жөн. Көп кешіктірмей ем қабылдаған дұрыс болады. Қылилықтың себептері Қылилық – бұл көздің көруін нашарлататын ауру. Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда …

Баланың бұлшық етіне укол сала аласыз ба?

Кішкентай балаңыз сырқаттанып қалды делік. Дәрігер антибиотиктер тағайындады. Таблеткалармен қатар жамбасқа инемен дәрі жіберу (укол салу) керек болды. Күніне бір рет емес 3 рет. Таң атпастан немесе қас қарая емханалар жұмыс істемейтіндіктен өздігінен дәрі еге алмайтын аналар үшін қиындық тудыратыны бар. Тіпті, кейбірі  таныс маман іздеп, әуре-сарсаңға түседі. Ал, қиындықтан шығудың амалын қарастырып, өздігінен қолына …

Балалардың құлақ, мұрын, тамақ ауруы

Балалар арасында тамақ, мұрын, құлақ ауруларына шағымданған ата-аналар жиі кездеседі. Жыл өткен сайын олардың қатары көбеймесе, азаяр емес. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Оған қоса, ішкі және сыртқы түрлеріне де бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына перихондрит, отогематома, құлық жатады. Әсіресе, балаларда жиі ұшырасатын түрі – сыртқы есту жолына бөгде заттың түсуі. Бұл …

Сәбиіңіздің дені сау болу үшін

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір ауруы болмағанда, жүйке-психикалық дамуы үйлесімді, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеті жоғары болғанда ғана оның дені толық сау деп айтуға болады. Сәби денсаулығы оның құрсақішілік даму ерекшеліктері, тектік бейімділігі, қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайы секілді көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады.

Яндекс.Метрика