Пневмания немесе өкпенің қабынуы— түрлі вирустардың, бактериялардың, паразиттердің, микроорганизмдердің әсерлерінен пайда болған өкпе инфекцияларына қатысты ортақ термин. Көбіне пневмания вирустардың (мысалы: аденовирустар, тұмау вирустарының, т.б.) әсерінен болады. Кейбір жағдайда пневманиямен ауыратын ауру адам түшкіру кезінде қасында отырған сау адамның өкпесіне бактериялар мен микроорганизмдер жұқтыру арқылы өкпенің инфекциялық қабынуын таратады.
Пневманияның белгілері: Аурудың белгілері балалардың жас ерекшелігіне қарай және аурудың пайда болу себебіне байланысты әр түрлі болады. Ең көп таралған белгілері:
– дене қызуының көтерілуі;
– қалтырау, тоңып дірілдеу;
– жөтел;
– мұрынның толып қалуы;
– тыныс алудың жиілеп кетуі;
– тыныс алу қиындайды;
– құсу, тәбеттің болмауы;
– бала жатақшып тұрады;
– сирек кездесетін жағдай еріннің түсі көгілдір немесе сұрланады;
– 2 айға дейінгі балалардың тыныс алуы минутына 60 рет;
– 2 айдан 1 жасқа дейін минутына 50 рет;
– 1 жастан жоғары минутына 40 рет.
Бактериялардың әсерінен пайда болған пневманияның белгілері: дененің қызуы тез көтеріліп, ентігу пайда болады. Ал, вирустық пневмания кезінде дем алғанда өкпе қырылыдаған даусы естіледі. Жоғарыда көрсетілген белгілердің қай-қайсысын балаңыздан байқасаңыз, тез арада дәрігерде тексеріліңіз. Бұл ауруды өз білгеніңізбен емдеуге болмайды.
Пневманияның пайда болу себептері. Осы аурудың қоздырғышы бала жасының ерекшелігіне қарай болғандықтан бала иммунитетінің төмендігінен, түрлі вирустық инфекциялардың, тоңып қалу т.б. факторлардың әсерінен пайда болады. Сәбидің жасы кіші болған сайын ауруға шалдығуы оңайырақ болмақ. Алты айдан бес жасқа дейінгі балаларда пневмакокк және гемофильдік таяқшалар пневманияның қоздырғыштары болып табылады. Бір жасқа дейінгі балалардың организмдері жас болғандықтан, вирустар тез дамып, ауру өршіп кетеді. Өкпе қабынуының микробактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болған түрі — туберкулез.
Біздің өмір сүру ортамызда түрлі бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар мен паразиттер өте көп. Біз олармен тыныс аламыз, бірақ біздің организм күресіп үйренгендіктен, біз төтеп береміз. Ал, бала кеңірдегінің шырышты қабықшасының бұзылуы иммунитеттің төмендеуіне алып келеді. Ол пневманияның өршуіне тиімді болғандықтан, зиянкестер тез арада тыныс алу жолдарында орналасып, көбейеді. Бүгінгі таңда жиі кездесетін екінші дәрежелі пневмания үстіңгі тыныс алу жолдарынан өкпеге қарай төмендейді.
Иммунитеттің төмен болуымен қоса темекі түтіні салдарынан баланың денсаулығына зақым келуі мүмкін. Темекі шегіп тұрған адамның жанында дем алып тұрған бала таза ауамен емес, темекі түтініне уланғандықтан, түтін құрамындағы зиянкестер денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан үйде, басқа да ғимараттарда жаныңызда бала отырғанда темекі тартуға болмайды. Сол сияқты, емшек ембейтін балалар мен дайын сүт қоспасымен қосымша тамақтанатын балаларда, рахитпен ауыратын, гипертофия, диатезбен ауыратын балаларда өкпе қабынуы салыстырмалы түрде жиірек кездеседі.
Өкпе қабынуының профилактикасы. Кейбір пневмания түрлеріне қарсы баланың алғашқы үш айында екпе егеді. Созылмалы аурумен ауыратын балаларға, пневманиямен ауырып қалу қаупі бар деген балалар қосымша екпе немесе арнайы имммунитет көтеретін дәрілер мен витаминдер қабылдау керек.
Отбасында пневманиямен ауыратын науқас болған жағдайда, емшектегі балаға дәрігер сақтану мақсатында қосымша дәрі-дәрмектер жазып беруі мүмкін. Науқас адамның нәрестемен жақын қарым-қатынасы болмағаны абзал. Баланың жасы мүмкіндік берсе, көбірек жеміс-жидек беріңіз, таза ауаға бірге шығып серуендеңіз.
Өкпе қабынуынан айығу, емделу. Пневмания зұлым ауру болғандықтан қосымша бақылауды талап етеді. Үш жасқа дейінгі балаларды емханада емдеу міндетті болса, үш жастан үлкен балаларға, ата-анасы барлық талаптарды орындаған жағдайда ғана, кейде үйде емделуге рұқсат етеді. Емшектегі балаларды 3 ай емдеу қажет, ал одан ересектерді 2 ай. Науқас балалардың асы құнарлы, витаминдерге бай күшті тағамдар болуы керек (сұйық тағамдар, жаңа сығылған шырындар, қайнатпа, минералды газдалмаған су).
Пневманияның ауыр түрімен, яғни тыныс алу жолдары қиындаған жағдайда: науқас бала оттегілік терапиядан, физиотерапиядан өтуі қажет. Антибиотиктермен емдеумен қатар жөтелге қарсы дәрілік препараттарды ішуді жүктейді. Баланың денсаулығын қадағалап, анемияның, рахит ауруының, диатездің алдын алсаңыз. Ал жай ғана инфекцияларды уақтысында емдеп отыру — ауырмаудың бірден-бір жолы.