Monthly archives: Мамыр, 2011

Ана мен бала арасындағы резус-фактор қайшылығы

Кез келген адам туылғанда Rh+ немесе Rh- қан тобын алады. Мұндағы Rh+ дегенде Rh (резус) фактор бар (басымдыққа ие), сондықтан оң (+) резус деп саналады. Ал Rh- тобында Rh (резус) фактор болмайды, сондықтан теріс (-) резус деп саналады.

Судан қорқатын сәбилерді шомылдыру

Кішкентай сәбилердің арасында суға түсуден қорқатындары бар. Олар денелері суға тигеннен бастап немесе ванна бөлмесіне кіргеннен бастап айқайға басады. Бірі көздеріне сабынды судың кіріп, ашытуынан қорықса, енді бірі суық немесе ыстық судан қорқады. Ондай сәбилермен қалай тіл табысуға болады? Балаңызды жуындырмасаңыз, гигиеналық талаптар сақталмайды. Ал жуындырсаңыз, балаңыз шыңғырып жылайды. Бұндай кезде баланы үлкен ыдыстағы суға …

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Кесар тілігі дегеніміз баланы босанар кезде операциялық жолмен ішті жару. Операция кезінде жатыр да кесіледі. Толығырақ >>> Мүмкін болса, табиғи жолмен босану әйелге көп жағынан пайдалы. Себебі кесар тілігінен кейін әйел ағзасында түрлі асқынулар мен ауытқулар пайда болады. Бірақ, егер әйелдің жамбасының өлшемі кішкентай (тар) болса, онда бірінші жүктілік кезінде кесар тілігін жасатуға мәжбүр болады. Өйткені …

Кіндіктің мойын тұсына оралып қалуы қауіпті ме?

Сұрақ: Мен жүктіліктің 30-шы аптасындамын. Дәрігер ультрадыбыстық зерттеуде (УДЗ) іштегі баланың мойын айналасында кіндік оралып жатқандығын айтты. Бұл оның босануға дейінгі дамуына қалай әсер етуі мүмкін? Кесарево тілігі (кесарево сечение) арқылы босануға тура келеді ме?

Компьютердің балаларға зияны

Жалғасы. Басы — Балалар мен компьютер Компьютердің алдында көп уақыт отырудың денсаулыққа зиян келтіретіндігін барлығымыз жақсы білеміз. егер мониторы ескі үлгідегі дөңес экранды компьютер болса, одан бөлінетін зиянды сәулелер көп болады, тиісінше компьютердің денсаулыққа кері әсері арта түседі. Мысал ретінде нақты жағдайларды келтірейік.

Яндекс.Метрика