Ана мен бала сайты — anamenbala.kz
Балалар мен компьютер

Компьютердің балаларға зияны

Жалғасы. Басы — Балалар мен компьютер

Балалар мен компьютер

Компьютердің алдында көп уақыт отырудың денсаулыққа зиян келтіретіндігін барлығымыз жақсы білеміз. егер мониторы ескі үлгідегі дөңес экранды компьютер болса, одан бөлінетін зиянды сәулелер көп болады, тиісінше компьютердің денсаулыққа кері әсері арта түседі. Мысал ретінде нақты жағдайларды келтірейік.

Егер дұрыс пайдалану ережелері мен уақыттық шамаларды ескермесе, компьютер балалардың да, үлкен ересектердің де көздеріне ауырлық (күш) түсіреді, организмі сәулеленеді, денесі қалыпты жағдайдағы отырысқа қарағанда біраз ауытқығандықтан ауырсыну байқалуы мүмкін, жүйкесіне кері әсер етеді (ашушаңдық, өзін-өзі бақылаудан шығарып алуы, тұйықтық).

Енді аталған төрт кері әсерлі жағдайларға жеке-жеке тоқталайық.

Көзге ауырлық түседі
Монитордың алдында отырған адам көз алдындағы экранның үнемі өте аз уақыт мезетінде жыпылықтап тұратындығын сезбейді. Бірақ оның кері әсері міндетті түрде болады: көздің ішкі бұлшық еттеріне күш түседі. Ал енді сондай монитордың алдында балаңыз қараусыз және ұзақ уақыт отырып қалса, көзі ауырады. Балалардың көздері ересектердікіндей төзімді болмайды.

Компьютердің алдында көп отыруға болмайтындығын сіз білгеніңізбен балаңыз білмейді. Не істеу керек?

Балаларға компьютердің зияны болмас үшін белгіленген уақыт бойынша баланы компьютер пайдалануға дағдыландыру керек. Кейбір балалардың көздері нашар көретін болады. Ондайларды компьютердің алдында басқаларға қарағанда аз уақытқа ғана қалдыру керек. Сондай-ақ, баланың арқасы орындықтың сүйенгішіне тақылып тұруы керек. қиысық отырған баланың мойын омыртқасына күш түсіп, соның салдарынан көз бұлшық еттеріне баратын қан тамырларының жұмысы қиындап қалады.

Бала компьютердегі жұмысын істеп болғанда немесе арасындағы үзілісте (үзіліс жасауды ұмытпауы керек) көз бұлшық еттеріне түскен күшті жоятын жаттығу жасаңыздар. Мысалы былай: ұзақ жердегі бір затқа қараңыздар, кейін мұрынның ұшына қараңыздар.  Осылай 2-3 рет қайталау керек. Бұл жаттығуды ата-анасы немесе оның жанындағы үлкендердің бірі қосылып жасағаны дұрысырақ болады. Себебі бала ауызбен айтқанды емес, әрекеттермен істеп көрсеткенде жылдам қағып алады.

Еңсесін тік ұстай алмау
Баланы былай қойғанда, ес жиған кейбір үлкендер де монитордың ішіне кіріп кетердей телміріп отырады. Екі көзі монитор экранында, бір қолы пернетақтада, бір қолы тышқанда болып, қызыққа батып отырған адам денесін тік ұстау туралы, көзін экраннан алшақ ұстау туралы ұмытып кетеді. Ал балалар солай етеді. Қолы қолын тапжылтпай алдындағы пернетақта мен тышқанға «жапсырып» отыратын бала дененсінің бүкірейіп, иықтарының қисайып қалатынын ойламайды ғой. Ал ондай ұқыпсыздықтың соңы мынадай дене ақауларына ұласуы мүмкін:
• Саусақ буындарының аурулары. Қолмен тышқанды ары-бері қозғалту мен жылдам әрекеттер атқару (мысалы, ойын кезінде, мәтін теру кезінде) кезінде саусақ буындарына күш түседі, шаршайды.
Тыныс алуы қиындайды. Екі шынтақты алдыға қарай созған кезде кеуде қуысының ауаны жұту қызметі қиындайды. Еркін тыныстамаған баланың тыныс алу жолдарында қиындық тууы мүмкін.
• Бас ауырады. Компьютердің алдында тапжылмай ұзақ отырған адамның да, баланың да басы ауырып кетеді. Оған қоса арқа бұлшық еттері мен мойын бұлшық еттері шаршайды.
• Остеохондроз. Компьютерде ұазақ уақыт бойы отырғанда иық пен еңсені тік ұстамау мен түзу отырмаудың соңы остеохондроз деген омыртқалық ауруға әкеп соғуы мүмкін.

Сәулелену
Жоғарыда компьютерден адам организміне зиянды сәулелердің таралатындығын қысқаша айтып кеттік. Ол сәулелер көзге көрінбейді, қолмен ұсталынбайды … Экраны сұйық кристалды болып келетін мониторлардан бөлінетін сәулелер аз болғанымен, электр тогымен жұмыс жасайтындығы себебінен одан әлектромагниттік сәулелер бөлінеді. Бірақ одан қатты шошынудың қажетіжоқ. Себебі үйде тұратын тоңазытқыш пен үй ауасын тазартатын сорғыш құрылғылар да электромагниттік сәулелер бөліп шығарады.

Егер сіздің үйдегі компьютердің мониторы ескі үлгідегі, дөңес экранды болса, ондай мониторға балаларды жолайтпай-ақ қойғаныңыз жақсы. Ондай экранды мониторлардан зиянды сәулелер көп бөлінеді.

Психикасына кері әсер етеді


Компьютердегі ойындардың арасында балалардың психикасына кері әсер ететін ойындар бар. Жалпы, ойындарды мұқият қарап, сараптап шығу керек. Балаларға мазмұны өлім, атыс-шабыс, агрессия пен жаман қасиеттерді насихаттайтын немесе жаман әрекеттері бар ойындарды жас балаларға ойнатуға болмайды. Ондай ойындар балаларды мейірімді болуға, басқаларға қиянат жасауға үйретпейтіні айтпаса да түсінікті.

Виртуалды әлемде «өмір сүруге» үйренген балалардың психикасында ауытқулар болатынын шынайы өмірдегі әрекеттері мен қылықтарынан байқауға болады. Өзін шынайы өмірде де виртуалды әлемдегідей ұстауы әбден мүмкін.

Жалғасы: Балалардың шамадан тыс компьютер пайдалануларын шектеу

фото: 247moms.com, hozyaika.com, geekwithlaptop.com

Ұқсас мақалалар

Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы

4 комментария

  • Енді қалай?? Қазіргі кезде компьютерсіз өмір сүру мүмкін емес. Барлығы да компьютердің көмегімен жасалынады. Сабаққа деген барлық жұмыстарды компьютер алдында мәтін теріп отырамыз.

  • Компютер алдында отырғанда қандай жаттығулар жасау керек ж/е оларды атап берсеңіз ???

  • Кампьютерден алдында неше минут отыру керек.Кампьютерден алдында 1-3минут отыру керек.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика