Ана сүтінің қасиетін жас аналар ұға алмай жүр ме?

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші, ана сүті нәрлі болса, баласы әлді болады. Ана сүті сәби үшін теңдесі жоқ, құнарлы, ең таза қорек болып табылады. Баланың ағзасында табиғи иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететін де — ана сүті. Әсіресе, бірінші-екінші күнгі жас уыздың маңызы зор, бұл — баланың кез келген ауруға қарсы тұра алуының бірден-бір кепілі. Ана сүтінің құрамында сәбидің дұрыс өсіп-жетілуіне, орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына, зат алмасу қызметіне қатысы бар пайдалы қоректік заттар жеткілікті. Ана сүті баланы анемия, мешел, гипотрофия (салмақ қоспау) сияқты жиі кездесетін аурулардан сақтайды. Сол сияқты ана сүтінің аналарды сүт безі обырынан, сондай-ақ босанғаннан кейінгі алғашқы 6 ай ішінде болатын жүктіліктен сақтайтын қасиеттері де бар.

Анасының уызына жарып, ана сүтін 1-2 жасқа дейін емген сәбидің денсаулығы, жасанды сүтпен қоректенген балаларға қарағанда, анағұрлым мықты болады, жұқпалы аурулармен сирек ауырады, ондай сәбидің ой-өрісі де жоғары болады, мектепте үздік оқиды және олар мейірімді, адамгершілігі мол азамат болып өседі. Бала бойына, санасына ана сүтімен бірге жақсы қасиеттер де дариды. Ол үшін әр ана өз сәбиін емізгенде, көңілін басқа жаққа аудармай, мейірленіп, балаға жылы сөздер айтып отыруы керек.

Бұрын сәбиді уақытқа қарап емізіп, 2,5-3,5 сағат аралығында тамақтандыру кестесін қатаң сақтау талап етілетін. Ал бүгінде ана сүтінің бала бойына 1,5 -2 сағатта тарайтыны дәлелденіп отыр. Сол себепті ана сәбиін тамақ сұрап жылаған уақытында емізе беруі қажет.

Ал ананың сәбиін жарытып-жарытпауы көбіне оның денсаулығына байланысты. Уақытында демалу, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, жүйкеге салмақ түсірмеу секілді шаралар ананың омырау сүтінің азаймауына себепші.

Қазір студент аналар саны көбейіп отыр, ал олардың сәбилері көп жағдайда жасанды сүтпен өседі. Бұл, әрине, өкінішті-ақ.
Біз аналарға баланы бір жасқа, ал мүмкін болған жағдайда екі жасқа дейін емшек сүтінен ажыратпауға кеңес береміз.

Жанна САТҚҰЛОВА, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері
Ақтөбе газеті

Ұқсас мақалалар

Баланы емшектен шығару

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Comments 3

  • Сәлеметсіздерме, мени мазалайтын бір сұрақ. Менде маткада 4-5 түрлі инфекция бар. Онын ішінде хламиди положительный, ал қалғаны отрицательный енді мен олардан калай кұтылсам болады? Жанеде ол анадан балага берилеме?

  • Баланың арық болуы анасының сүтінің қою құнарлы болмауына байланысты болама?

    • Саламатсызба! Иә, сүтке көп нәрсе байланысты.

Яндекс.Метрика