Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

Ана сүті емшек өлшеміне тәуелді емес, емшектің суреті, емшек, бала емізу

«Егер әйелдің (бала емізетін ананың) емшегі кішкентай болса, баласын тойдырып емізе алмайды. Өйткені емшегі кішкентай анадан аз сүт бөлінеді» деген түсініктің бар екендігі белгілі. Оны аңыз десек те болады. Себебі әйел омырауынан бөлінетін сүт пен сүттің сапасы емшектің үлкен немесе кіші болуына байланысты емес.

Әйелдің емшегінің басым бөлігі май ұлпаларынан тұрады. Ұлпалардың көлемі емшектің көлемін береді. Ал сүттің жасалуына жауапты мүшелер — сүт бездері. Емшекте орналасқан бұл бездер бала туылғаннан бастап емізу кезеңінде сүт бөліп отырады. Сүттің мөлшері осы бездердің қызметіне және емшек еметін сәбидің сұранысына тікелей байланысты.

Емшектегі сәби анасының бойындағы (емшегіндегі) сүтті көп емсе, сүт бездері де көп сүт бөледі. Сол сияқты, егер аз емсе, сүт аз мөлшерде бөлінеді.  Бірақ анасының денсаулық жағдайы мен көңіл-күйіне қарай сүттің бөлінуі өзгеріп кететін жағдайлар да жоқ емес. Мысалы, стресте жүрген ананың сүт бездері аз сүт бөлуі ықтимал.

Ұқсас мақалалар

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Мастит және оның алдын алу

Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Баланы емшектен шығару

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

spot_img

Қызықты

Сәбиіңіздің дені сау болу үшін

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге...

Балаға өсе келе не айту керек?

Бала тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік пен дайындық керек. Балаға...

Өзбекше палау

Ол үшін: ▫1-кг морковь ▫2-3 бас пияз ▫1-кг күріш ▫Пісте майы шамалап ▫250-300 гр...

Жүктілік кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдау

Емделгенде абай болыңыз! Бүгінгі таңда жүкті әйелдердің 92%-ы әртүрлі дәрі-дәрмектер...

Азық-түлікті тоңазытқыш көмегінсіз қалай сақтаймыз?

  1. Нан тез құртылмас үшін нан салғышқа нанмен бірге...