Бізге қажет;
?Ет 1кг
?Сәбіз 2дана
?Картоп 4дана
?Пияз 2дана+2 дана бетіне подлива
?Су 4л
?Тұз
Қамырына;
?Су
?Тұз
?ұн
?Жұмыртқа
Дайындалуы;
Қазанға су кұйып,ет салып қайнатамыз. Қайнауга жақындағанда көбігін алып тастаймыз. Астын жай қойып пияз,сәбіз саламыз.Сәбізді орташа ірі етіп тураймыз.Енді осыларды 1,5 сағатқа қайнатамыз, яғни еті піскенше. Еті пісуге шамалағанда картоптарды бүтіндей саламыз. Енді қамырды илейміз. Ұн,тұз,жұмыртқа,су қосып қатты қамыр илейміз.Оны 20 мин бетін жауып, демін басып қоямыз.Сол аралықта 2 дана пиязды ортасынан бөліп жіңішкелеп турап сорпаның бетіндегі майын алып пиязды жауып қоямыз. Қамырды жазамыз, тым жұқа болмау керек.Бешбармақ етіп кесеміз.
Сорпадағы ет,картоп,сәбізді сүзіп аламыз.
Бешбармақтарды салып қайнатамыз,жабысып қалмау керек.5 – 7 мин қайнатып астын сөндіреміз.Табаққа тартып үстіне ет,картоптарды салып алдын -ала дайындағанн тұздықты бетіне құямыз. Қалаумыз бойынша укроп,акжелкен қосуға болады.Ас Болсын!