Бархат торты

Құрамы:

Жұмыртқа — 4 дана
Қант — 1 стақан
Сүт — 1 стақан
Маргарин — 200гр
Ұн — 2,5 стақан
Разрыхлитель — 1
Ванилин — 1
Қызыл бояғыш(пищевой краситель)- 0,5 шай қасық

Кремі үшін:
Ақуыз — 2 дана
Қант — 1,5 стақан
Лимон тамшысы 4-5
Су — 0,75 мл

Арасына:
Консервіленген жемістер
Киви — 2 дана
Үстіне — қант пудрасы
Дайындалуы:
Алдымен жұмыртқаға қант салып, миксермен көпіртіп араластырамыз. Маргаринді ерітіп. Көпірген жұмыртқа және қантқа құйып, араластыра береміз. Енді сүт құямыз. Оны да араластырып, бояғыш саламыз. Барлығы қызыл түске боялғанға дейін араластырамыз.
Ұн салып, араластырамыз. Формамызға құйып, 180 дәрежеде 45 минут шамасында пісіреміз. Салқындағанша күтеміз, үстінгі артық биіктеу бөлігін кесіп алып тастаймыз. Блендорға салып, ұсақтаймыз. Дайын тәттімізді екіге бөліп, кивиді тураймыз. Консервідегі жемістер осындай! Осылай дайындап қоямыз да, крем дайындаймыз. Бірінші ақуызды миксермен араластырамыз көпіртіп, шамамен 7-8 минут. Ақуыз аппақ қардай болып қоюлануы керек. 1,5стақан қантқа 0,75 мл су құйып лимон тамшыларын тамызып қайнатамыз. Қайнату уақыты 5-10 минут арасында болады. Яғни шәрбеттің түсі біраз сарғайып қоюланса, дайын деген сөз! Сол қайнаған шәрбетті аппақ ақуыздың үстіне жайлап құйып тұрып, миксермен тоқтамастан араластырамыз, Крем әбден қоюланғанша тоқтатпау керек, Сонымен төмендегідей қою крем шығуы тиіс. Екіге бөлінген тәттінің үстіне крем жағып жемістерімізді жайғастырып, екінші бөлігімен жабамыз да, осының үстіне крем жағамыз. Мен үстіңгі кесілген бөлігін астына жібердім де, астын үстіне қараттым, сондықтан беті тегіс болып тұр суретте. Тәттімізді толықтай креммен қаптап тастаймыз. Ұнтақтарды жанына және үстіне сеуіп, қаптаймыз. Енді жазуды бетіне қалай түсіру керектігін түсіндіріп кетейін. Бір қағазға керекті жазуды жазып, жазуды ойып алып тастаймыз. Дайын торттың үстіне қағазымызды қойып, қант пудрасын сеуіп шығамыз. Осындай жазу шығады .

Яндекс.Метрика