Гуйру ганван

 

Гуйру ганфанға керек заттар:
ет- 300-600 гр ет (қой еті, сиыр еті)
картоп 3-5 дана
сәбіз 1 дана
капустаның 1/6 бөлігі
соя соусы 3-5 ас қасық
болгар переці 2 дана
пияз 1 дана

Дайындалуы:

Алдымен етті көлемін ірілеу қылып жұқалап турап аламыз:Табаға аздап сумай құйып етті  қуырып аламызда үстіне соя соуысының 3-5 ас қасығын құйып тағы қуырамыз.Ет әбден қуырылып болғасын үстіне туралған сәбіз, капустаны қосып қуырамыз Үстіне картоп қосып тағы аз қуырамызБәрі қуырылған соң үстіне 2 вокал су құйып қайнатамыз. Егер ганфанның суының аз болғаныны қаласаңыз 1 — 1,5 вокал ғана су құйыңыз. Қатты бір қайнап алғасын астындағы отын басып баяу отта пісіреміз. Тұзының дәмін көріңіз, негізінен соя соусы тұзды болғандықтан қосымша тұзды қажет етпейді.Бәрі қайнап жатқан кезде бөлек қазанға гарнирге күріш дайындаймыз.Бәрі піскен кезде үстіне болгар перецін саламызда астындағы отын өшіріп 10 минуттай өз буына бұқтырып қоямыз.
Күрішіңіз дайын болғасын әр адамға бір табаққа астына күріш салып үстіне қимадан құйып бересіз. Қосымша укроп, көк пияз турап үстіне салып берсеңіз болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика