7 кг қызанақ
7 кг тәтті қызыл бұрыш
12 орта сәбіз
3 стакан сұйық май
2 стакан қант
6 ас қасық тұз
16 ас қасық уксус
Дайындалу әдісі:
Сәбізді аршып майдалап тұрайсыз да, түбі кесілген қызанақтармен бірге ет тартқыштан өткізесіз. Үлкен ыдысқа құйып 30 минут пісіріңіз. Бір қайнаған кезде, тұз, май, қант қосып жиі-жиі араластырып тұрып пісіріңіз. Қызыл бұрыштарды ұзынша етіп тұрап, қызанақтарға қосыңыз да тағы 30 минут пісіріңіз. Ең соңында уксус қосып жәй отта 5 минуттай пісіріп, астын өшіріңіз. Банкаларды буға стерелизовать етіп, крышкаларды қайнаған суда біраз ұстап дайындаңыз. Лечоны банкаларға құйып, жауып тастаңыз.