Құлпынай қосылған тәтті рулет

Керекті заттар:
жұмыртқа 5 дана
қант 200 гр
ұн 200 гр
ванилді қант 1 ш.қ
қопсытқыш 1 а.қ
ыстық су 5 а.қ

Дайындау жолы:
1. Жұмыртқаға қантты, ванилді қантты қосып, көлемі үлкейгенше шайқаймыз. Үстіне ыстық суды құйып, тағы шайқаймыз. Басқа ыдысқа ұнға қопсытқышты қосып араластырамыз. Оны жұмыртқа қоспасына аз-аздан салып, күрекшемен араластырамыз. 2. Қағаз төселген формаға қоймалжың массаны құйып, тегістейміз. Оны 200° та қызған пеште 12-15минут пісіреміз. Піскен коржды орамалға аударып аламыз. Орамалымен орап, суытып қоямыз. Кремді əзірлейміз. Менде құлпынай тосабы. 3. Суыған коржға кремді жағып, ептеп ораймыз. Үстін қалағаныңызша безендіресіз. Сосын қолдана беруге болады.

Яндекс.Метрика