Маклюбе

Құрамы:
Күріш – 0,5кг
Пияз (жуа) – 2 дана;
Картоп- 0,6-0,8кг;
Сәбіз – 0,6-0,8кг;
Ет – 1кг;
Тұз – дәміне қарай.
Картоп, сәбіз және ет қанша көп болса, сонша дәмдірек болады:)
Дайындалуы:
Ең алдымен, күнделікті тағам пісіріп жүрген қазанды алыңыз.
Енді етті орташа қылып турап, майға қуырыңыз.
Ет қуырылып жатырғанда, сәбіз бен картопты тураймыз(дөңгелек, төртбұрышты, өзіңіздің қалауыңызша) және бөлек-бөлек май құйылған сковородкада пісіріп аламыз. Картопты пісірерде тұздап алыңыз.
Ет, сәбіз және картоп дайын болғанда, қазандағы еттің үстіне, алдымен пиязды, содан соң сәбіз бен картопты әдемілеп қоямыз. Ең үстіне жуылған, тұздалған күрішті саламыз. Араластыруға болмайды! Қайнаған су құямыз. Су күріштен 1,5см-ге көбірек болуы тиіс. Өздеріңіз түсінгендей, әр өнімді жекелеп тұздап аламыз. Алайда, тұзды мөлшермен қосыңыз:)
Қазанның қақпағын жауып, тағамды 20-25 минутта төмен отта пісіреміз. Піскен соң, 10-15 минут қақпағын ашпаймыз)
Содан соң, қазанды тарелканың дәл ортасына төңкереміз.
Маклюбеге өз қалауыңыздағы салатты қосасыз. Мысалы, қызанақ пен қиярдан жасалған салат қосуға болады. Салатты 5-6 жерге қоясыз және арасына айранды құйып, көкшөппен әрлесеңіз болады.
Астарыңыз дәмді болсын!

spot_img

Қызықты

Генерал салаты

Шығады: 3 литр - 1 кг огурцыды дөңгелектеп тураймыз - 1...

Жүктілік кезіндегі шаш күтімі

Кейбір сәби күтіп жүрген аналар жүктілік кезінде шашты кесуден...

Лактостаз кезінде алғашқы көмек

Көптеген емізетін аналардың жиі проблемасы ол ЛАКТОСТАЗ . Төменде алғашқы...

Рогалики

Құрамы: ✔1ст сут (жылы болсын) ✔100 гр слив май (ерітіп аламыз) ✔1...

Қызым кішкентай ойыншықтармен ойнағанда

Менің қызым алты айлық. Өз бетінші сылдырмақтармен және жүн,...