Наполен торты

 

Құрамы:
ұн – 500 гр.
жұмыртқа – 2 шт
сары май – 300 гр.
су(салқын) – 150 мл.
уксус – 3 тамшыдай.
тұз – пышақтың ұшымен.

Крем:
сары май(72%) – 300 гр.
тәтті сүт(сгущенка) – 2 шт.

Дайындалуы:
1. Ең алдымен айта кететін жәйт, тәтті дайындағанда сапалы, қымбаттырақ азық-түлікті алған жөн. Сонымен 1-ші салқын суға уксас+жұмыртқа+тұзды салып жақсылап араластырып қоясыз.
2. Ұнды ситодан(ұн елігіш) өткізесіз де үстіне салқын, қатты сары майды үккіштен өткізіңіз. Сосын екеуін қолыңызды үйкелей отырып араластырасыз. Ұныңыз сары түске енген кезде, манағы дайындап қойған сұйықтықты аз-аздан құйып отырып, жұмсаақ қамыр илейсіз. Көп илемеңіз қатты болып қалады. Сосын оны 8 бөлікке бөліп, тоңазытқышқа бетін жауып 2-3 сағатқа қоясыз. Уақыт өткесін, қамырды алып, ұн сеуіп жазып, кез-келген пішінмен кесіп(қазанның қақпағ болсын т.с.) қызып тұрған духовкаға бетін шанышқымен әр жерінен тесіп 5-7 минут пісіріп алыңыз. Ал, артық кесіліп қалған жерін соңында жұп-жұқа қылып жазып, пісіріп алыңыз.
3. Крем дайындау үшін, сары майды үй температурасында ерітіп қоясыз. Сол еріген майды 5 минуттай миксерлеп аласыз да үстіне тәтті сүтті аздан құйып тұрып миксерлейсіз. Сосын дайын коржиларға жағасыз. Ал артық коржиларды майдалап, тәттіңізді безендіресіз. Тоңазытқышқа 6-сағатқа қойыңыз крем сіңіп, жұмсақ болу үшін…
Ас болсын!

Яндекс.Метрика