Орео печеньесі

Керекті заттар:

150гр жылы сары май
300гр ұн
1 шай қасық разрыхлитель
60гр какао
150гр қант
2 жұмыртқа
1 шай қасық ванилин

Креміне:

100гр жұмсақ сары май
250гр ұнтак қант
1 ас қасық сүт
1 шай қасық ванилин

Жасалуы:

Сары май мен қантты араластырамыз миксермен. Онын үстiне жұмыртқа мен ванилин қосып бірнеше минут, қант ерігенше араластырамыз. Басқа ыдыста ұн, какао, разрыхлительді араластырамыз. Осыған манағы араластырган сары майымызды қосамыз да, қасықпен жақсылап араластырамыз. Оны столдын үстіне қойып, қамыр илейміз. 3 бөлікке бөлеміз. Әр үш бөлікті әр салафанға салып, тоназтқышқа саламыз бірнеше минутка. Крем жасаймыз. Сары майды миксер мен араластырамыз да, ванилин қосамыз. Араластырып болған сон, бірте- бірте ұнтақ қантты қосамыз. Араластырып турамыз. Сүт қосамыз да араластырамыз. Тестоға көшейік. Әр бөлікті оқтаумен жаямыз. (қалындығы шамамен 3-5 мм) Стақанмен формасын шығарамыз. Табаға пергамент қағазын төсейміз де, печеньелерді саламыз. Алдын ала қыздырылған пешке, 190 градуста 10 мин пісіреміз. Кремді салафанға саламыз да, шетін теземіз.Кондитерский мешокка салсаныз болады. 2 печеньени алып, біреуіне пакет арқылы крем жағамыз да, үстіне еінші печеньені қойып, басамыз. Печенье дайын!

spot_img

Қызықты

СҮТ ҚАТЫЛҒАН БАЛЫҚ СОРПАСЫ

Құрамы: 100 грамм жас балық, 2 кесе сүт, 2 кесе...

Жүкті әйелдер көлік тізгінін ұстағанда

Әр адамның өмірі әр түрлі. Қазіргі уақытта әйелдердің автокөлік...

Тұтығуды қалай жеңуге болады?

Тұтығу немесе логоневроз - бұл буындардың немесе дыбыстардың жиі...

Сгущенка

Құрамы: 200 гр сүт 200 гр қант ( немесе пудра) 20 гр...

Балалардағы ангина: симптомдары және емдеу жолдары

Қарапайым халық арасында ангинаны тамақ ауруымен қатар жүретін миндалин...