Рафаелло торты

Бисквиттің құрамы:

жұмыртқа 3 дана
қант 150 г
су 4 ас қасық
ұн 100 г
картоп крахмалы 100 г
қамыр копсытқыш 3 шәй қасық
кокосовая струшка 30г

Кремінің құрамы:

маскарпоне ірімшігі 500 г
қойытылған сүт 3/4 банкі
миндаль 120 г
торттың бетін әсемдеуге:
кокосовая струшка 40 г

Дайындалуы:

Жұмыртқаға су мен қантты қосып жақсылап араластырамыз. Енді басқа да қалған қоспаларды қосып бисквитті дайындап аламыз. Пешімізді қыздырып табамызға пергамент қағазын төсеп қамырымызды құямыз. Дайын болған бисквитімізді алып суытып ушке бөлеміз.
Бадамды (миндаль) тазалап баяу отта жақсылап қуырып аламыз. Содан суыган майдалаймыз. Маскарпоне ірімшігін қойытылған сүтпен араластырамыз.
Дайын бисквитіміздің бір болігін алып ыдысқа саламыз. Енді кремімізге майдаланған бадамды саламызда бисквитке жағамыз да екінші бөлігін үстіне қойып қалған кремімізбен айналдыра жағып шығамыз. Дайын тортты тоңатқышқа бір түнге қоямыз. Азанда алып бетіне кокосовы струшканы сеуіп әсемдейміз.Админка Шолпан )