Сүтім аз сияқты

Әр әйел босанғаннан кейін, баласы жылап жатса міндетті түрде ойлайды «менің сүтім аз», » сүтті қалай көбейтемін», «сүт көбейтетін шай бар ма?» деген сияқты сұрақтар пайда болады.

Және ол 90% алғашқы рет ана атанған әйелдерді мазалайды, оған қоса енелері, аналары да «чее то сенің сүтің аз сияқты, ана бала неге жылай береді онда? » деп айтатын бар емес пе?
Соған орай, әдіс бар балаңызға сүт жеткілікті түрде ма әлде қосымша тамақтандыру керек па деген.
Ең басты әдіс ол- баланың бір тәулікте қанша рет сигенін бақылау.

Ең минималды ол 1️⃣2️⃣ рет кіші дәретке отырғаны. Ол дегеніміз сіздің балаңызға қосымша тамақ енгізудің қажеті жоқ деген сөз.
Ал, егер де бала 1️⃣4️⃣ рет кіші дәретке барса, онда тіпті керемет, сүтіңіз жеткілікті.

Бірақ, көбіміз баланы бір тәулік бойы памперссіз ұстамаймыз және оны санап отыруымыз керек.
Сол үшін тағы бір әдіс ұсынамын, әрине оны консультанттар көп құптамайды, алайда бұл әдіс бар және жоқтан жақсысы осы дегендей .

✔️Ә Д І С
ӘРБІР ПАЙДАЛАНҒАН ПАМПЕРСТІ (ПОДГУЗНИКТІ) АРНАЙЫ ГЕРМЕТИКАЛЫҚ ПАКЕТКЕ САЛЫП (ИСПАРЕНИЕ БОЛМАС ҮШІН) ОНЫ ӨЛШЕУ КЕРЕК.
СОНЫМЕН ҚАТАР, СОНША ҚҰРҒАҚ ПАМПЕРС АЛАСЫЗДАР ДА, ОНЫ ДА ӨЛШЕЙСІЗДЕР.
ҚАЛДЫҚ САЛМАҚТЫ 30 ҒА БӨЛЕСІЗДЕР.

Егер 14 және одан да көп болса, онда бәрі дұрыс.
Мысалы: қолданған памперс 580 гр, құрғақ 110 гр. 580-110= 470. 470/30= 15,6 бәрі дұрыс.

Егер нәтижесінде 14 аз шықса, ерінбей келесі күні памперстен босатып, қанша рет сигенін қадағалаңыз, ерінбей. Себебі бұл әдіс 100 пайызға дұрыс емес.

Айтпақшы, егер балаңызға әлі 14 күн болмаса, онда оның нормасы туылғаннан бастап қанша күн болды соған тең. Тувлғанына 6 күн болса, нормасы 6.

Яндекс.Метрика