Құрамы:

? 3 жұмыртқа,
? 1/2 стақан секер
? 1,5 стақан ұн,
? 1 шай қасық қамыр қопсытқыш,
? 2-3 ас қасық қаймақ,
? ванилин, корица (қалауыңызға қарай).
? 700-800 гр алма

Жасалуы:

Алманы жуып, тазалап, тураймыз. Формаға сары май жағып, ұн сеуіп дайыдап қоямыз. Пешті 180°С қыздыра бастаймыз.
Жұмыртқаны қантпен араластырамыз.
Кейін қаймақ саламыз.
Ұн, қопсытқаш, ванилин, корицаны елеуіштен өткіземіз. Жұмыртқалы массаға саламыз.
Форманың астына алдымен туралған алма, үстінен қамырды құямыз.
Қызып тұрған пеште 30-40 минут беті қызарғанша пісіреміз.