Шербет

Ол үшін бізге:

1 стақан арахис;
1 стақан сүт;
3,5 стақан қант;
80 гр сары май керек болады.

Дайындалуы:

Тойымды десерт дайындау үшін сүттің мейлінше майлырақ болғаны абзал. Ыдысқа сүт құйып, 3 стақан қант (0,5 бөлігін кейінге қалдырамыз) қосамыз. Үздіксіз араластырып тұрып, сүтті ақырын отқа қойып, 30 минуттай қайнатамыз.
Арахисті бөлек табаға сарғайғанынша қуырып аламыз. Қалған 0,5 стақан қантты құрғақ табаға сеуіп, карамель жасаймыз. Оны сүт-қантты сиропқа қосамыз. Піскенінше қайнатамыз. Шербет шамамен 1 сағаттан кейін дайын болуы керек. Сары майды қосыңыз. Шербет құятын пішіннің түбіне пісіруге арналған қағаз жайып, жаңғақ себеміз. Үстінен шербетті құйып, салқын жерге қоямыз. Шербет әбден суыған соң шайға қосып, дастарханға қоя беруіңізге болады.

Яндекс.Метрика