Асқабақ қосылған салат

Бізге керегі:

  • Асқабақ – 150 г
  • Сәбіз – 150 г
  • Алма – 150 г
  • Ірімшік – 50 г
  • Горчица дәнімен – 1 ас қасық
  • Лимон шырыны – 2 ас қасық
  • Өсімдік майы – 2 ас қасық
  • Тұз дәміне қарай

Салаттың дайындалуы суретімен:
Сәбізді тазалап сыртқы қабығын аршып ірі үкіштен ұзыншалап өткіземіз. Дәл осылай алма мен асқабақты да өткіземіз. Ірімшікті майда үкіштен өткіземіз. Енді тұздық дайындап аламыз. Өсімдік майы мен жаңадан дайындалған лимон шырынын және горчицаны араластырамыз. Дайын тұздықты салат бетіне құямыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика