Бауырдан жасалынған торт

Керекті азық-түлік:
. Жас малдың бауыры.
. Жуа(лук) – 1 шт.
. Жұмыртқа – 2 шт.
. Сүт – 1 стакан.
. Ұн – 1 стакан.
. Сұйық май – 4 ас қасық.
. Тұз, қара бұрыш – қалауыңызша.
. Салмасына
. Сәбіз(шикілей) – 2 шт.
. Сарымсақ(чеснок) – 6-7 түйірі.
. Майонез – 1 шт.
. Аскөк. .

Жасалуы:

. Бауырды, жуаны еттартқыштан өткізіп немесе блендрмен араластырып, үстіне сүт пен жұмыртқа және татымына қарай тұз, қара бұрыш, сұйық май құйып, араластырып тұрып, ұнды себелеп салып, біркелкі араластырыңыз.
Сосын табаны майлап, кішкене ожау қасықпен құйып, құймақ тәріздес етіп пісіріп ала бересіз. Жалпы 1 қойдың бауырынан 20-25 шт бауыр құймақ шығу керек.
. Сосын ортасына начинка дайындайсыз. Енді оны әркім әрқалай дайындайды. Мен асығыс болғасын сәбіз бен сарымсақты үккіштен өткізіп, үстіне майонез салып араластырып, құймақтардың орталарына жұқалап жағып шықтым, сосын бетіне аз-маз суреттегідей аскөк септім. Егер асығыс болмасаңыз, сәбіз бен жуаны майға тұз, бұрышын салып қуырып сосын сарымсақпен майонезді бөлек араластырып, бірінші бауыр құймақты қойып, сарымсақ араласқан майонезді жағып, сосын үстіне қуырылған сәбіз бен жуаны жағып, үстіне бауырды қойып, осы ретпен жалғастыра бересіз …жалпы 5-6 қатар болғаны жақсы
Асыңыз дәмді болсын!
.
ЕСКЕРТУ: жалпы мен бауыр құймақты қойдың, ешкінің, сиырдың бауырынан жасағанды жақсы көремін. Себебі, ол бауырлар жұмсақ болып келеді, сондықтан Сіздерге құлаққағыс болсын деп айтып жатырмын..

spot_img

Қызықты

Жүкті әйелдің ағзасындағы өзгерістер

Жүктілік кезінде болатын әйел ағзасындағы өзгерістер әртүрлі қолайсыздықтарға толы. Ерте...

Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8...

Жарақат алған кездегі алғашқы көмек

  Құлау немесе соққы нәтижесінде дененің зақымдануы көгеру, орын ауыстыру,...

Босанғаннан кейін салмақты реттеудің амалдары

Жүктілік кезінде барлық әйел салмақ қосады. Бірі шамалы ғана...

Картоп пен қияр салаты

UF ☰ Мәзір 44 ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТ САЛАТТАР Категориясы: Тағам   ЕТ САЛАТЫ Құрамы: 400 грамм ет, 10...