Отбасына дәмді ас дайындап, қошемет сөз естуді барлық қыз жақсы көреді. Бірақ, бұған әркім түрліше қол жеткізеді. Бірі — тәтті тағамдар дайындаса, екіншілері — өзге ұлт асханаларының тағамын әзірлейді. Әр ұлттың өзіне тән асханасы болғанымен, көпшілігінде түрлі пирог бар. Сол пирогтың бір түрін бүгінгі мәзірімізде ұсынамыз. Біз дайындайтын пирогтың ерекшелігі – етпен бірге үйдегі кез келген көкөністі қосуға болатындығында.
Пирогты дайындау үшін бізге:
? 400 грамм қой еті;
? 500 грамм ұн;
? 0,5 келі сәбіз;
? 2 пияз;
? өсімдік майы;
? қара бұрыш;
? тұз;
? 2 жұмыртқа;
? ас содасы;
? 1,5 стақан ұйыған сүт;
? ашытқы қажет.
Дайындалу жолы:
Қой етін жақсылап қуырамыз. Пиязды майдалап турап қуырамыз.
Сәбізді төртбұрыштап турап қуырамыз.Қалауымызша тұз бен қара бұрыш қосамыз. Қант пен тұзды, ас содасын 1,5 стақан ұйыған сүтке қосып араластырамыз. Артынша 1 ас қасық ашытқы қосып, илейміз. Нанымыз ашыған соң үстіне қуырылған ет пен көкөністі салып, бетін жұмыртқаның сарысымен майлаймыз. 180 градуста қыздырылған духовкіде 30-35 минут пісіреміз. Мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!