Құрамы:
400 грамм ет, 10 түйір картоп, 2 жұмыртқа, 3-4 түйір тұздалған қияр, 1 кесе қаймақ немесе майонез, жарты кесе 2 проценттік сірке суы, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай
Дайындау процессі:
Пісіріп, суытылған ет пен картоп жұқа етіліп, қиықшаланып кесіледі. Оған жұқалап туралған тұздалған қияр, ұсақтап туралған жұмыртқа қосылады. Сөйтіп кеңірек ыдысқа салынады да, тұздалып, бұрышталады. Сірке суы, содан соң қаймақ құйылады.
Дастарқанға әкелерде арнайы салат ыдысына салынады.