Инь-Ян салаты

Инь-Ян салатын дайындауға қажетті азық-түліктер:

? 300 гр тауық еті;
? 2 қияр;
? 3 асқан жұмыртқа;
? 300 гр сыр ?
? 200 гр қара өрік;
? майонез.

1. Тауықтың етін тураймыз. Туралған тауық етін тәрелкеге салып, үстіне тор етіп майонез жағамыз. Қиярды ұзынша етіп тураймыз. Тәрелкеге туралған қиярымызды қоямыз. Қиярдың үстіне тор етіп майонез жағамыз. Жұмыртқаның сарыуызын үккіштен өткіземіз.

2. Жұмыртқаның сарыуызын тәрелкеге қоямыз. Ірімшікті де үккіштен өткіземіз. Үккіштен өткізілген ірімшігімізді тәрелкеге қоямыз. Майонез жағамыз. Жұмыртқаның ақуызын ірілеп тураймыз. Қара өрікті ұсақтап тураймыз.

3. Суретте көрсетілгендей жұмыртқаның ақуызы мен қара өріктен екі дөңгелек жасап қоямыз. Қалған жерін де суретте көрсетілгендей Инь-Ян белгісіне ұқсатып безендіреміз. Жоғарыда көрсетілген қажет азық-түліктер тізімі екі тәрелкеге есептелген. Инь-Ян салаты дайын.

Ас болсын!

Қызықты

Қосымша тамақты қашаннан бастап беруге болады?

Ең алдымен, баланың жаңа кезеңге аяқ басуға дайындығын анықтау. Оның...

Бала миының дамуы үшін не істеу керек?

Бәріміз білетіндей, ми - күрделілігі жағынан, мүмкіндігінің шексіздігі жағынан,...

Баланы қай жастан бастап емшектен шығару керек, қалай ойлайсыз?

Саламатсыздар ма, құрметті аналар қауымы! Қалай ойлайсыз баланы емшектен...

Бала тәрбиесіндегі басты мақсат

  Көпшілік ата-ана баласын өзіне тең көретін болған. Меніңше, бұл...

Сандық технологиялар заманындағы балалар денсаулығы

Бүгінгі таңда психологтар сандық технологиялар балаға үлкен әсер етеді...