Пияз шелпектері

Құрамы:

Ұн
1 стақан су
Жарты ас қасық тұз
1 үлкен пияз;
Сұйық май.

Дайындылуы:

Стақандағы суға тұз ерітіп, оны ұнға қосып, қамыр илейміз.
Қамырды жаба тұрып, пиязды майда тураймыз.
Пиязды тұздап, қолмен езіп араластырамыз да кейіннен майға қуырып аламыз.
Қамырды барынша жұқа қылып жайып, бетін шамалы майлаймыз. Үстіне қуырылған пиязды жаямыз.
Қамырдың бір шетіне оқтауды қойып, орай бастаймыз,
қамырды оқтаудың соңына дейін ораймыз.
Пышақпен суреттегідей қамырды ортасынан тілеміз.
Оқтауды алып тастап, қамырды қалауыңызша тағы бірнеше бөлікке бөлеміз.
Кесектерді орап, үстінен оқтаумен бір жүргізіңіз.
Шамалы майды қыздырып, шелпектерді қуыра бастаймыз.
Екінші жағына аударып, тағы май құйып қуырамыз.
Пияз шелпектері дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!

Қызықты

Тәтті лакомка

Құрамы: 2 жұмыртқа 75 гр жұмсақ сары май 200 гр сүт жылы 7...

Қиярдан жасалатын маска түрлері

Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін...

Балаға айтылмауы тиіс сөздер

  Өкінішке орай,ата-аналар балаға ашу үстінде көптеген ауыр сөздер айтып...

Мивина салаты

Қажетті заттар: -2 пачка вермишель "Мивина" -2 аз тұздалған қияр -150 гр...

Қара нанның қандай пайдасы бар?

Қара бидай наны әрқашан сұранысқа ие. Қара бидай әрқашан...