Сұлтан кебап

Құрамы:
200 гр фарш
2 пияз
1 помидор
1 болгар бұрышы
Тұз, паприка, тмин
Соус:
3 шт чеснок езілген
2,5 стакан қою айран
0,5 шай қасық тұз
Бұрышты соус:
2 ас қасық сары май
3/1 шай қасық қызыл бұрыш

Көкөністердің барлығын майдалап турап, фаршпен бірге қуырып, тұз, бұрыш қосып пісіріп аламыз.
3 лавашқа дайын болған асымызды бөліп салып, рулет етіп орап, бірнеше бөліктерге кесіп бөлеміз. Формамызға май жағып, рулеттерімізді төсейміз.
180 С қызып тұрған пешке лавашымыз сәл қызарғанша 15 минутқа саламыз.
Айранға тұз, езгіштен чеснокты өткізіп қосып соус дайындаймыз.
2 ас қасық сары майды газда ерітіп, бұрыш қосып, екінші соусымызды дайындаймыз.
Пештен шығарған соң, айран соусымыздың жартысын бетіне құйып, пешке тағы 5 минутқа саламыз. Шығарып, сәл суыған соң бетіне қалған айранымызды құямыз, бұрыштан дайындалған соусты қасықпен әр жеріне құямыз. Керемет жұмсақ, тез дайындалатын, дәмі тіл үйірер асымыз дайын!
Махаббатпен
Астарыңыз дәмді болсын!

spot_img

Қызықты

Алма қосылған дәмді бәліш

Бізге қажет болады: 2 алма 1 жұмыртқа 3 ас қасық қаймақ 2 ас...

Сүзбе қосылған тоқаш

Құрамына: ✔1стақан жылы сүт ✔1шəй қасық ашытқы ✔2ас қасық ұнды араластырып жылы...

Ана терісінің қыс мезгіліндегі күтімі

Қыстың күндері дала суық болғанымен таза ауада тыныстап, күн...

Салауатты көруді қамтамасыз ету үшін сегіз қарапайым кеңес

Көз-тұрақты күтімді қажет ететін адам денесінің өте нәзік органы....

Лечо

7 кг қызанақ 7 кг тәтті қызыл бұрыш 12 орта сәбіз 3...