Құрамы:
3 жұмыртқа
250 г секер + 25 гр ванильный сахар
100 гр сары май
1 қорап шоколад
150 гр сметана
1 үлкен қасық қопсытқыш
400 гр ұн
Дайындалу жолы:
Алдымен шоколадтарды қатыру үшін 1-1,5 сағатқа мұздатқышқа қоямыз. Жұмыртқа, шекер, ванильный қантты әбден ақ қөбік болғанша миксермен араластырамыз. Үстіне сары май мен сметананы қосып, тағы да миксермен араластырамыз.
Ұн мен қопсытқышты илеп, массаның үстіне салып, ақырын араластырамыз. Қоюлығы сметана сияқты болу керек. Ыдыстарын майлап, әр ыдысқа жартысынан сәл асырып құясвз. Қызып тұрған пешке 190 градуста 40 минут пісіреміз. Піскен кекстердің жан жағын шұңқыр етіп тесіп, қатырылған шоколадтарды орналастырамыз. Тәттіміз дайын болды! Ас болсын!