Рецепт:
?. Керекті заттар:
?. Сиыр сүті – қалауыңызша.
?. Ұйытқыш – пышақтың ұшымен.
?. Сүзетін қалташа.
?. Тұз.
?. Су.
Дайындалуы:
Сүтті қазанға құйып, жылымшы етіп жылытасыз. Сосын арнайы ұйытқышты пышақтың ұшымен салып, сүтке араластырасыз.
3-4 сағатқа қақпағын жауып, жылы жерге ұйығанша қоясыз.
Уақыт өткесін, ұйыған сүтті алып, төрт бөлікке бөліп, арнайы тығыз матадан тігілген қалташаға құйып, жоғары іліп, сары суы сарқылғанша қоясыз.
Суы сарқылды-ау дегенде алып, төртбұрыш пішін жасап, стол шетіне қойып, үстінен ауыр затпен басып, астына сары суы ағатындықтан ыдыс қойып, 3 сағаттай қоясыз.
Уақыт өте келе, брынза пішін жасап суреттегідей төртбұрышты болады. Сосын бір ыдысқа су мен көптеу мөлшерде тұз салып, жақсылап араластырып, дайын брынзаны бөліктерге бөліп, тұзды суға батырып қоясыз. Сол кезде брынзаға бірнеше сағаттан соң тұз сіңіп, дәмі керемет болады. Сосын суреттегідей турап дастарxанға қоя бересіз.