Теңіз шаянынан жасалған салат

Құрамы:

  • 200 г теңіз шаяны
  • 100 г ірімшік
  • 2 дана жұмыртқа
  • Дәміне қарай сарымсақ
  • Майонез
  • Салат жасау әдісі:
    Жұмыртқаны қайнатып аламыз. Теңіз шаянын үкіштен өткіземіз.
    Ірімшік пен жұмыртқаны да үкіштен өткіземіз. Ыдыс алып, ірімшік пен жұмыртқаны және теңіз шаянының жартысын саламыз да 3 қасық майонез қосып , сарымсақты үкіштен өткізіп аз ғана салып барлығын араластырып, аз аздан алып дөңгелек шариктер жасаймыз. Дайын шариктерімізді қалған теңіз шаянымызға аунатып аламыз. Дайын болған соң тарелкаға салып, аскөкпен немесе өз қалауыңызша әсемдеп қойыңыз.
Яндекс.Метрика