Байқау: Біздің сәбиіміздің есімі…

Біз журналымыздың екі санында бір рет шығатын «Біздің сәбиіміздің есімі…» атты байқау ұйымдастырамыз. Журналдың алғашқы санында жарияланатын бірінші байқауға хаттар мен фотоларды қабылдау он бесінші шілдеге дейін жалғасады.

Әрбір адам баласы туылмай тұрып немесе туылғаннан кейін оған есім (ат, ныспы) береді. Есімдер көп-ақ. Бірақ кейде қызықты, көп кездеспейтін, мағынасы көпке белгісіз есімдер кездесіп жатады. Сондай ерекше есімдерді және көпке таныс есімдердің таңдалудағы ерекше тарихын қысқаша баяндап беретін жеңімпаз оқырмандарымызға журналымыздың арнайы сыйлығы тағайындалады.

Журналдың екі санында бір рет шығатын осынау байқауға арналған бетте ерекше әрі қызықты есімдер мен олардың қойылу тарихы жайлы жазылған үздік хаттар (қысқаша түсіндірме) жарияланады.

Хатпен бірге сәбиіңіздің портретін немесе әдемі фотосын жолдауды ұмытпаңыздар.

БАЙҚАУ АЯҚТАЛДЫ.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Муфида;
  2. Шыңғыс;
  3. Хақназар;
  4. Білге.

Байқау жеңімпаздары туралы журналымыздың №1 шілде 2013 санынан толығырақ біле аласыздар.

Яндекс.Метрика